Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сенатор Байқадамов: Жаңа жол құрылысы Өзбекстанмен ынтымақтастықты нығайтады

20.02.2025, 12:15 80

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы мен оған шекаралас Өзбекстан аймағы арасында тікелей автокөлік қатынасының болмауы сауда, туризм және мәдени байланыстардың дамуына айтарлықтай кедергі келтіруде. Сенатор Наурызбай Байқадамов өзінің депутаттық сауалында жаңа жол салу екі өңір арасындағы жол жүру уақытын едәуір қысқартып, экономикалық ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бүгінгі күні екі елдің ағайындары 1 330 шақырымдық қашықтықты еңсеруге мәжбүр. Жаңа жол құрылысы мың шақырымға жуық жолды қысқартады. Алдағы уақытта «Қызылорда-Жезқазған» трассасы арқылы Астана қаласына, Солтүстік, Шығыс облыстарға, көрші елдердің аймақтарына тікелей шығуға жол ашылады. Депутат сонымен қатар бұл жобаның Қазақстанның бірқатар нысандарын келешекте ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы: Ферғана – Сырдария дәлізі» трансұлттық бағытына қосылуымен тығыз байланысты екенін айтты. Бұл тек көлік қатынасын жақсартып қана қоймай, туризмнің дамуына да жаңа серпін береді.

«Тез арада Өзбекстан тарапынан басқа мемлекеттер арқылы қатынас жолдары игерілмей тұрғанда Үшқұдық – Қызылорда бағытындағы автомобиль жолы жобасын іске асыруды қолға алу керек деп санаймыз. Әйтпесе, жаһандану кезіндегі бәсекелестіктің ширығып тұрған заманында кейін қаламыз. Автомобиль жолы құрылысының болжамды құны шамамен – 125,3 млрд теңгені құрайтын болады», – деп атап өтті Наурызбай Байқадамов.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: