Бүгін Қазалы қаласындағы орман шаруашылығы мекемесінің жанынан экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында сексеуіл өсімдігін егетін тұрақты тұқым бағы бөлімшесінің қазығы қағылды.
Алдағы уақытта үлкен құрылыс басталатын орынға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, Қазалы қаласының ардагерлері және орманшылармен бірге жаңа мекеменің қазығын қақты.
Мекеменің алғашқы қазығы қағылғаннан кейін Қазалы қаласының тұрғыны, ардагер Ерсайын Байымбетов сөз алып, алда атқарылар жұмыстардың барлығына сәттілік тіледі.
Мұнан соң Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме басшысының орынбасары Тілепберген Мұхамбетов жаңадан ашылатын бөлімшенің жұмысын арнайы әзірленген стенд арқылы түсіндіріп өтті.
Айта кетейік, бұл мекеме өз жұмысын бастағаннан кейін бүкіләлемдік банктің қолдауымен Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы құм, тұз көшкінін тоқтату мақсатында аумағы 33,5 гектар жерге сексеуіл көшеттерін егумен айналысатын болады. Бүгінде мекемеге қажетті арнайы техникаларда алынып қойылған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!