Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сарғасқа мінген сарбаз

15.11.2024, 11:30 408

Қорқыт ата мен Қожа Ахмет Яссауи көшелерінің қиылысында желмен жарысқан жүйрік ат үстіндегі бес қаруы сай батыр бейнесі сомдалған ескерткіш бар. Ол – Келмембет Келдібайұлы батыр ескерткіші.

Шөмекей руының Бозғұл аталығынан шыққан Келмембет батыр туралы ел ішінде ауызша аңыз көп. Жауынан именбей, жасынан жасындай жанған батыр қалмаққа қарсы соғыста ерен ерлігі үшін «Сарқасқа мінген сарбаз» атанған екен. Ал, сұрапыл ұрыс кезінде ол ұзын тоны кедергі келтіріп, қылышпен етегін кесіп тастауға мәжбүр болыпты. Сөйтіп тоны келте болып қалған дейді. «Келте тонды Келмембет» атанудың шығу тарихы сондықтан.
Халықтың панасы, елінің ержүрек батыры небәрі 29 жас ғана өмір сүрген. Соңғы жорыққа жүрер алдында әйелі Ханбибі: «Мені, екі айлық балаң Әлдеберліні кімге тастап барасың?» – деп сұрайды. Сонда батыр: «Сендерді бір құдайға тапсырамын» дейді. Сол соғыста Келмембет ерлікпен мерт болады.

Батырдың бейнесі батылдық сезімге баулиды. Ескерткіш жас ұрпақты отанды сүюге, патриоттық тәрбие алуға, ұлттық рухты жаңғыртуға негізделген.

Қызылорда қаласында 1999 жылы Келмембет батырдың құрметіне ескерткіш орнатылды. Ескерткіш мыстан сомдалған, биіктігі – 5 метр. Авторлары – шымкенттік мүсінші Қ.Мәліков. Қайырбай Зәкіров ескерткіштің форэскизін жасаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: