Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобында 729 қызметкер қысқартылады

31.03.2026, 20:38 33

Астана қаласында әкімшілік-басқару персоналының санын оңтайландыру аясында Самұрық-Қазына компаниялар тобында 729 штат бірлігін қысқарту жоспарланып отыр. Бұл жалпы санының шамамен 11 пайызына тең.

Алдын ала есепке сәйкес, қысқартылатын қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 762 мың теңгені құрайды. Осыған байланысты 2026 жылдың 9 айы ішінде жүргізілетін оңтайландыру шараларынан шамамен 5 млрд теңге көлемінде үнем күтіледі.

Қызметкерлерге берілетін өтемақы төлемдері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Яғни, қысқартуға іліккен қызметкерлерге кемінде бір айлық орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төленеді. Сонымен қатар, компаниялардағы қолданыстағы ұжымдық шарттар мен жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы келісімдерге сәйкес қосымша төлемдер қарастырылуы мүмкін.

Айта кету керек, аталған өтемақылар көлемі жалпы үнемдеу нәтижесіне әсер етуі ықтимал.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: