HALYQLINE.KZ 2020 жылдың 2 шілдесінде 08 сағат 01 минутта «Самара-Шымкент» тас жолының 1731 шақырымында, Аққұм ауылының тұсында, Өзбекстан Республикасынан Ресей Федерациясына бағыт алған 2008 жылы шығарылған, «Mercedes-Benz Actros» маркалы жүк автокөлігінің 2010 жылы шығарылған, 6 тонна сыпырғы тиелген «HWTPAS 18» маркалы тіркемесі толығымен жанды. (Өрт сөндіру бөлімімен арақашықтығы 28 шақырымды құрайды).
Өртті сөндіруге Жалағаш ауданы ТЖБ-нен 1 қызметкер мен №11 Өрт сөндіру бөлімінің 5 маманы 1 өрт сөндіру автокөлігімен атсалысты. Өрт 08 сағат 26 минутта оқшауланып, 09 сағат 16 минутта толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Материалға көрнекі фото пайдаланылды
Қызылорда облысы ТЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!