Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сабалақ саяжайында мешіт ашылды

24.05.2024, 10:40 264


Тасбөгет кентіне қарасты Сабалақ саяжайында жаңадан салынған “МақтұмСейіт” мешіті халық игілігіне табысталды.

Мешіттің ашылу рәсіміне ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Қасиетті Құран Кәрім аяттарымен басталған шарада бас мүфти саяжай халқын рухани орданың ашылуымен құттықтап, мешіттің бой көтеруіне атсалысқан барша азаматтарға алғысын жеткізіп, “МақтұмСейіт” мешітіне Құран Кәрімді сыйға тартты.

Көпшіліктің қуанышымен бөлісуге арнайы келген қала әкімі Серік Қожаниязов тұрғындарды мешіттің ашылуымен құттықтады.

Айта кетейік, ғибадат орнының құрылысы 2023 жылдың қазан айында басталып, ағымдағы жылдың мамыр айында толық салынып бітті.

«МақтұмСейіт» мешіті баба ұрпақтарының демеушілігімен салынып, ел игіліне беріліп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: