Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Рухани жетілген адамның басты қасиеттері

21.09.2024, 15:05 248

1) МЕЙІРІМ – басқалардан өзгешелейтін қасиет. Себебі, мейірімді жан адам баласына кешіріммен қарайды. Жаратқанның ықтиярын сезеді, өзінің және өзгенің өміріндегі түрлі оқиғаның тууына қатысты кармалық себептерді оңай түйсінеді. Мұндай адам өзгеге кек сақтамайды, әр адамның болмысын сол күйінше қабылдай алады.

2) Өзіне деген, РУХТЫҢ қуатына, Жаратқанның ықтиярына, Көктің күшіне, махаббатқа деген мүлтіксіз СЕНІМІ бар. Бұл адамдар әлем шексіз, ондағы әр пенде – мың өлшемді жаратылыс екенін біледі.

3) САНАЛЫ – өте маңызды қасиет. Саналы адам өміріндегі болып жатқан әр жағдайды сабырмен қабылдап, алғыс білдіреді. Өзгенің оқиғасына да солай қарайды. Жағымсыз жағдайдың бәрін ақырзаманның белгісі демейді. Әр жағдайды талдап, бақылап, парасатқа жүгінеді. Болмысын бүтіндейді, үйлесімге бейімделе береді.

4) АЗАТ рухты адам өзгенің пікіріне байланбайды, ол өзіне сенімді. Өмірден не күтетінін біледі. Өзгенің пікірін құрметтейді. Өзінің пікірін өзгеге таңбайды. Себебі, ол басты ақиқатты біледі – әркімдікі өзіне.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: