Зигмунд Фрейд – австриялық психоаналитик және философ. Оның ойлары мен пікірлері күні бүгінге дейін мәдени аренада, кино мен әдебиетте, тіпті психология ғылымы мен медицинада қолданылып келеді. Қоғамды дүр сілкіндірген, сол кездегі нормаға қайшы келетін афоризмдерімен танымал. Ол ғұмыр бойы күнделік жазып келген екен. Сол күнделік ішіндегі таңдаулы сөздерді назарларыңызға ұсынбақпыз.
Жақыныңды өзіңдей сүй. Мұндай талап қою оңай, бірақ орындау қиын.
1932 жыл, 1 қыркүйек, 76 жас
Соңғы он бес жыл ішінде мен ешқашан фотограф алдында өз еркіммен отырған емеспін, өйткені мен өзімнің шынайы бет-бейнемнің зақымдануына келісу үшін тым нарциссистпін.
1907 жыл, 19 қыркүйек, 51 жас
Әлемдегі ең бақытты адам – менікіндей сүйіктісі бар адам.
1883 жыл, 16 қыркүйек, 27 жас
Ғылымда кейінге шегінер жол жоқ.
1907 жыл, 14 маусым, 51 жас
Адам өткені мен бүгіні туралы қаншалықты аз білсе, оның болашақ туралы пайымдауы да соншалықты сенімсіз болады.
1936 жыл, 31 мамыр, 80 жас
Адам өмірінің мәні туралы мәселе сансыз рет көтерілді. Бірақ қанағаттанарлық жауап әлі табылған жоқ, мүмкін мүлде табылмайтын да шығар.
1894 жыл, 29 сәуір, 37 жас
Орыс тілінен аударған Айтілес ЖАЙШЫЛЫҚ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!