Арал қаласындағы «Айсәуле» балалар шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның Құрметті журналисі, Арал ауданының Құрметті азаматы, ақын, журналист-жазушы, күйші- сазгер Жұмабай Жақыптың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында мәнерлеп оқушылар арасында «Жұпар жырлары жүректерде» атты байқау-фестиваль өтті.
Шарада мерейтой иесімен бірге ауданның шығармашылық өкілдері болды.
Қатысушы оқушылар Жұмабай Жақыптың өлең-жырларын тамылжыта оқып, автордың қошеметіне ие болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!