Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Женевада Сыр өнері асқақтады

24.10.2025, 12:05 146

HALYQLINE.KZ

Бүгін Швейцария мемлекеті, Женева қаласының World Intellectual Property Organization конференция залында Қазақстан Республикасы күніне арналған Қызылорда облысы өнер майталмандарының концерт өтті. Концертке 300-ге жуық БҰҰ директоры мен қызметкері, өзге ұлт өкілдері, басқа да өкілдіктер қызметкерлері және 80-ге жуық елші көрермен болды. Салтанатты іс-шараны Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев және ҚР Елшісі Ерлан Алтынбайұлы ашты.

ҚР Мемлекеттік Гимні шырқалып, ұлттық фольклорымызды айшықтаған концертке көрермендер жоғары баға беріп, ерекше таңданыспен тарқасты. Концерттен соң қонақтарға ұлттық тағамдарымыздың түр-түрін қамтыған Швед үстелі үрдісімен ас мәзірі тарту етілді.

Концертте халық аспаптар ансамблі, «Томирис» би ансамблі, айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері М.Ниязов, «Құрмет» орденінің иегері Ү.Медеуова, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қ.Мейрамбек, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері А.Шағдатов, М.Мақұлбеков, дәстүрлі орындаушылар Ә.Қуаңбаев, Т.Өтенова, айтыскер-ақын Б.Орынбасар, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары М.Аманжолов, А.Шадаев, А.Махамбетжан, А.Әбді, А.Төреғали және М.Жантөре, А.Шүкіров, Ж.Жұмабек (домбыра), Ж.Қайыпберген (жетіген), Н.Рүстемұлы (қыл қобыз), З.Нысанбаев (сыбызғы), Т.Аяпова халықтық саз сиқырымен еуропалық көрерменді таңдай қақтырып, ұлт өнерінің мерейін үстем етті.

Сыр бойының төлтума өнерін, қазақ ұлттық фольклорын жоғары деңгейде насихаттаған өнер иелері көрерменнің зор ықыласы мен құрмет-қошеметіне бөленді.

Қ.ВЛАДИМИРҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: