Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жебірейдің 35 мақалы

07.11.2021, 17:00 429

HALYQLINE.KZ

1. Ақшалы болудың жақсылығы бір тиынсыз қалудың жамандығынан артық.

2. Адам — жер бетіндегі тұңғыш бақытты пенде, өйткені оның енесі болмаған.

3. Егер мәселені ақшамен шешуге болса, онда ол қиындық емес, артық шығын ғана.

4. Құдай адамға көп тыңдап, аз сөйлесін деп екі құлақ, бір ауыз берген.

5. Құдай жаман әйелден сақтасын, жақсыларынан өзің сақтан!

6. Шарап ішсең, құпия паш етіледі.

7. Құдай бір мезетте барлық жерде бірдей бола алмайды. Сондықтан да ол аналарды ойлап тапты (бұл діни трактат емес, ескеріп отырыңыздар).

8. Тәтті болма, жеп қояды. Ащы болма, түкіріп тастайды.

9. Серкенің алдына шықпа, жылқының артынан жүрме, жындының айналасына жолама.

10. Қонақ пен балық үш күннен соң иістене бастайды.

11. Білім көп орын алмайды.

12. Сақалсыз жебірей, жебірейсіз сақалдан жақсы.

13. Адам тым болмағанда айналасын тану үшін өмір сүруі керек.

14. Ақсақтың тез жүгіргенін соқыр көріп, оны мақау кереңге жеткізіпті.

15. Құдай кедейді ары кеткенде құны қымбат күнәдан сақтайды.

16. Егер қайырымдылықтың құны болмаса, жұрттың бәрі филантроп болар еді.

17. Кәрі қыз күйеуге шықса, жас келін атанады.

18. Ата-анасы баласын сөйлеуге үйретеді, баласы әке-шешесін үндемеуге үйретеді.

19. Алыстан адамның бәрі жақсы.

20. Бәлкім, жұмыртқа тауықтан ақылдырақ шығар, бірақ ол тез иістенеді.

21. Әйелдер аз сөйлесе, еркектер көп қимылдар еді.

22. Жақсылықпен үндемеу, жақсы сөз айтқаннан қиын.

23. Жаман әйел — жаңбырдан да жаман: жауын үйге кіргізсе, әйел үйден қуады.

24. Әлем адамның көптігінен құрымайды, адамгершілігі жоқтардың көптігінен мүрдем кетеді.

25. Құдай! Аяққа тік тұрғыз, құлауды өзім де білем.

26. Егер өмір жақсы жағына өзгермесе, онда күт, жамандық тез келеді.

27. Махаббат қанша тәтті болса да, одан шырын тамбайды.

28. Түк таппаған адам ұлы істерге қол созады.

29. Жолайрыққа келгенде торыққан адам екеуін де таңдайды.

30. Жұрттың бәрі ақшаның жоқтығына шағымданады, мидың жоқтығына жан пенде үндемейді.

31. Баласы жоқ болса, айтар ақылы да көп.

32. Қорқып өлгеннен күліп өлген артық.

33. Тәжірибе деп адамдар жасаған қателіктерін атайды.

34. Ақ шаш – даналықтың емес, қартаюдың белгісі.

35. Қартайған адам нашар көрсе де, көпті көреді.

Аударған  Шынар  Әбілда

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: