Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаналғыш түйе

15.09.2022, 10:00 527

Күн қып-қызыл рең бере отырып, жер қойнына енді. Елдің барлығы бұл уақытта шаруасын аяқтап, ұйқыға кетеді. Осы кезеңде енді ғана жұмысы қызатын екі «жұмысшы» бар. Ол Хасан мен Әмір деген көз ілеспес, қос сұғанақ ұры. Жұмыстарына «береке бітіп», байдың да, жарлының да мал-мүлкін есепсіз ұрлап, оны арзан бағада сатып, қалтасын қалыңдатып жүрген. Дәл сол қарқынмен бір айлық табысты екі күннің ішінде табатын ұрылар күндіз барынша ашылып-шашылып киім алып, тамақтанатын. Ал кешке әдеттегідей «жұмыс» болады. Бүгін де Хасан мен Әмірдің жоспары жарлының жалғыз түйесін ұрлап, оны соғымға сойып алу еді. Дегенмен, бүгінгі жайт мүлде олар күтпеген оқиғаларға толы һәм қорқынышты өткен.

Жолына тұрғанды жайратып салатын сұқсаусақтылар Кемал деген жарлының үйін торуылдады. Түн ішінде түгел ұйқыға кеткен отбасының қоршаусыз қорасында жалғыз түйесі болған. Қос ұры түйені арқаннан босатып, әндете жүріп  алдарына  айдап  сала  бергенде, манағы түйе көзден ғайып болды. Ойы сан-саққа кеткен Хасан мен Әмір енді не істерін білмей дал болып тұрғаны сол еді, қақ шекелерінен бар екпінімен түйенің  тепкенін сезді. Тас қараңғыда не  болғанын  түсінбей  тұрғанда  әлгі түйе көздеріне көрініп, тілге келеді.

– Мен түйе емес, әзірейілмін. Егер тағы да ұрлық жасайтын болсаңдар, жандарыңды аламын!, – деді әлгі белгісіз бейнелі түйе ашулы түрмен.

Болған жайттан қатты әсер алған Хасан мен Әмір енді ұрлық жасамай, қалған өмірінде адал кәсіппен  айналысуға көшті. Жамандықтан  алыстатқан  түйенің бұл әрекеті адам баласын дұрыс жолға салып, ұрлықтан тыйды. Өмірде  кейбір  адамдардың жаманшылықтан  арылуына  өлім немесе әзірейіл  ғана  көмектесе  алатынын түсінуге болады…

Түрік  тілінен  тәржімалаған

Ердәулет  СӘРСЕНҰЛЫ 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: