Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жай ғана қарапайым болайық!

06.07.2022, 9:20 688

***

Адам не іздесе соны табады дегендей, таппағанын  әрекет  етсе  табады…

Ғашық боламын деп ғашық болмайды. Сүйе­мін деп сүймейді. Бір білгеніңде ғашық болып  қаласың. Өзің де білмей сүйіп қаласың…

Жалпы рухани деңгейдегі махаббат та болады, ондай болғанын білу өте сирек.

Сөйлеспесе де көзімен түсінісе алатын, алыста жүрсе сезіммен сезінетін, енді ғана кездессе де үнемі бірге жүргендей болып көрінетін адамдар бар. Неге екені белгісіз, өзің де білмей, еш себепсіз тартыла бересің дейміз бе…

…Кездесуге тиіс болғандықтан адамдар кездеседі. Ертерек неге кездеспедік деп өкініп қажеті жоқ. Кездескенге дейінгі жүріп өткен жолымыз бір-бірімізді кездестіруге, көруге жол ашады…

…Өмірде позитивті болу, ризашылық білдіру, күлу, сенім арту, жаңа нәрселерді білу, біреуді сүю … деген секілді еш себепсіз бақытты жасап алатын көптеген жолдары  болады.

Осылардың  қайсыбірін  күн  сайын  орында.

***

…Адамдарды өзіңе тартудың ең күшті тәсілі – мейірімді болу. Адамдар жанында бірге бола бергісі келетін жанашырлыққа тартылады. Сүйікті болғың келсе, алдымен өзгені жақсы көруің керек, басқалардан көмек алғың келсе, ең алдымен өзгеге көмектесуің керек, ал басқалар өзіңді сыйласын десең, алдымен өзгенің сенімін ар­қалауың  керек.

Басқаларға көмектескен соң, жауап күтуге, немесе өкінуге болмайды. Жақсы­лық жасап, оның соңынан өкініп, уайым­дасаң, қайырымдылықтың сауабы әлсірейді. Кейбі­реулер мені мейірімді болғандықтан зиян шектім, сол үшін мені ренжітті деп жатады. Есебін, есі шыққанын, ақылсыздығын,  турасын айтқанда ақымақтығын мейірім­ділігіне  тықпалап  жатқан  түрі…

Мейірімділік те ақылға негізделуі керек. Қару-жарақ сұрап келсе, мейірімді, жомартпын деп сұраған адамға мылтық бере салуға болмайтыны  секілді…

Адамның жүрегінде әуелден мейірім­діліктің  табиғи  айқын  сипаты  болады.

Егер ақылдың болмысы айқын да анық болмаса, шын мәнінде ашу-ыза ол адамның өзінің табиғаты болса, оны түзететін амал болмайды.

Неғұрлым мейірім мен сүйіспеншілік танытатын игі істермен күнделікті айналыссаң, өзің жан тыныштығына бөленіп, өзгелерге өте қажет ізгі қасиеттер дарытып, нәтижесінде  жақсылықтар  гүлдейді…

…Өмірде позитивті болу, ризашылық білдіру, күлу, сенім арту, жаңа нәрселерді білу, біреуді сүю … деген секілді еш себепсіз бақытты жасап  алатын көптеген жолдары болады.

Осылардың  қайсыбірін  күн  сайын  орында.

***

Барша жан тыныш болып, игі істерінің сауабына қуанып, Алланың алдында жүзі жарқын болып жолығуды нәсіп етсін.

Қиналған кезде ғана құлшылық жасап Алладан жәрдем сұрағанша, рақаттанып жүрген кезіңде сауапты істер көбірек жасап жүрсең…

…Бақытты болатын, немесе қиналатын уақыттар деген екі бөлек уақыт болмайды. Тек бақытты, немесе қасіретті тағдырлар ғана бар. Дұрыс жүрсең, жас кезіңде де рақатқа бөленесің. Теріс жолмен жүрсең, қартайғанда да көптеген қолайсыз жағдайларға  тап  боласың.

Шексіз ашкөздікке беріліп жүріп, қасіретке ұшыраған сәтіңде қарапайым күндерің нағыз бақытты күндер болғанын түсінесің.

Дұрыс өмір сүре біл!

…Өмірде позитивті болу, ризашылық білдіру, күлу, сенім арту, жаңа нәрселерді білу, біреуді сүю … деген секілді еш себепсіз бақытты жасап алатын көптеген жолдары  болады.

Осылардың  қайсыбірін  күн  сайын  орында.

***

Кемшілігіңді басқаларға білдіріп алып, содан кейін артықшылығыңды көрсетіп таң қалдырған жақсы. Сосын әлдебіреуге қарап шын жүректен күліп, оны да шын көңілден қуанта аласың.

Өзің жылап, өзгелерді күлдіріп келіп, өзің күліп, өзгелерді жылатып қайта қайтатын бұл өмірде өз тағдырыңа өзің еге бола алсаң, қандай керемет!

Сен бұл дүниенің жасушаларының бірісің, еш қайталанбайтын Алланың жаратылысысың.

Басқаларға ұнау үшін қайт­кенде азап шегу керек пе?

Бұл тағдыр сенікі, оның қожайыны бола алмасаң, «адам»  болып  туудың  не қажеті  бар?

Адамдардың көңіліне олар сағынатындай жақсы әсер, жақсы естеліктер «жазып» және олар үнемі еске алып тұратын кем дегенде бір із қалдыра  алсақ  ғой,  шіркін…

…Өмірде позитивті болу, риза­шылық білдіру, күлу, сенім арту, жаңа нәрселерді білу, біреуді сүю … деген секілді еш себепсіз бақытты жасап алатын көптеген  жолдары  болады.

Осылардың  қайсыбірін  күн  сайын  орында.

***

Барлық әдемі нәрсе қарапайымнан бас­талады…

…Сүйіспеншілікті  көтере алмаған адам қиындықты да көтере алмайды. Сөзіңмен жақсылыққа  де­ген құлшыныс тудырып, көркем міне­зің мен жақсы әдетіңе тамсандырып, шын  жүректен мейі­рі­міңді  көрсет…

Қанша қиыншылық болса да, соны  ойлаған кезде еріксіз езу тартатын сол  сезім.

Иә, махаббат дегеніміз – сезім. Өрнектеп жазып, салыстыра айтып, әуелетіп әнге қосса да ғашықтық деген сезімді басынан өткер­ген адам ғана нақты білетін болар…

…Өмірде позитивті болу, ризашылық білдіру, күлу, сенім арту, жаңа нәрселерді білу, біреуді сүю … деген секілді еш себеп­сіз бақытты жасап алатын көптеген жолда­ры  болады.

Осылардың қайсыбірін күн сайын орында.

Амантай   ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

(Соңы. Басы  өткен сандарда.)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: