Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жай ғана қарапайым болайық!

30.06.2022, 9:00 535

– Ешкім  де  мінсіз  емес…

Барлығымыз  қателесеміз…

Біз бәріміз сәтсіздікке ұшыраймыз…

Біз бәріміз құлаймыз…

Бірақ, әрқашан тек дұрыс нәрсені жасауға ұмтылуымыз керек…

Ата-анаң мақтан ететіндей өмір сүр…

Мен мінсіздіктен өте алыс екенімді білемін (әлі де қателесіп жүрмін, әсіресе тез ашуланшақтығым үшін), бірақ мен әр ісімде ата-анамды еске алып, олар қарап тұр деген сезімде боламын…

Маған өмір сыйлаған адамдарды қалай ұмыту­ға  болады…

Ешкім көрмесе де, дұрыс істеуге тиіспін…

…Өмірде позитивті болу, ризашылық білдіру, күлу,  сенім  арту,  жаңа нәрселерді білу, біреуді сүю … деген секілді еш себепсіз бақытты жасап алатын   көптеген   жолдары  болады.

Осылардың  қайсыбірін  күн  сайын  орында.

***

– Жазмыш  бәрін  де  үйлестіреді  екен…

Жақсы адамдарды сәттілік жарылқайды…

Жаман адамдарды сәтсіздік буындырады…

Мен ондайға өмір бойы куә болдым…

Өмірде маған өтірік айтып, жала жауып, ұрлық жасап, алдап, арқамнан пышақ сұғып, опасыз­дық  жасағандарды  кездестірдім.

Бұл шаршатып жалықтыратын нәрсе, бірақ бұл шірік алмалардың менің басқаларға жасаған жақсылығымды  өшіруіне жол бермеймін…

Қандай жағдай болмасын, әрқашан жақсы­лық  жасауға  тырыс…

Жақсылық жамандықтан әрқашан да асып түседі…

Жазмыш жақсылық жасағанды жарылқайды, ал жамандық жасағанды жояды…

…Өмірде позитивті болу, ризашылық білдіру, күлу,  сенім  арту, жаңа  нәрселерді білу, біреуді сүю … деген секілді еш себепсіз бақытты жасап алатын  көптеген  жолдары  болады.

Осылардың  қайсыбірін  күн  сайын  орында.

***

– Кешірімділік жүректі жақсартады…

Басқаларды кешір…

Өзіңді кешір…

Барлығымыз да қателесеміз…

Қателесу деген адамның бар екенін білдіреді…

Кейде осы сабақты сәл де болса ерте алмағаныма өкінемін…

Теріс энергияны қуып жібер, жоғалт…

Абайламасаң, теріс энергия жүрегіңізді таттандырып  жіберуі мүмкін…

Тек  ғана  басқалардың жақсы жақтарын көруге тырыс …

…Өмірде позитивті болу, ризашылық білдіру, күлу,  сенім  арту, жаңа  нәрселерді білу, біреуді сүю … деген секілді еш себепсіз бақытты жасап алатын  көптеген  жолдары  болады.

Осылардың  қайсыбірін  күн  сайын  орында.

***

– Тартылыс  заңы  дегеніміз – нақты  нәрсе…

Маңайыңа өміріне разы болған бақытты адамдарды топтастыр, сонда өмірің тіптен бақытты  бола  бастағанын  сезінесің…

Бақыт бақытты тудырады және өзіне тартады…

Оң энергия оң энергияны тартады…

Сондықтан мүмкіндігінше өз өміріне разы болған, арман қуған және оны жүзеге асыруға тырмысып жүрген адамдармен араласуға тырыс…

Ішкі шеңберіңізді мұқият таңда…

…Өмірде позитивті болу, ризашылық білдіру, күлу, сенім  арту, жаңа  нәрселерді  білу, біреуді сүю … деген секілді еш себепсіз бақытты жасап алатын  көптеген  жолдары  болады.

Осылардың  қайсыбірін  күн  сайын  орында.

***

– Бізге ең қажетті жалғыз нәрсе – ол махаббат…

Сүйікті адамдарыңмен өзіңе ұнайтын нәрсені жаса…

Күн сайын мүмкіндігінше көп уақытыңды махаббатқа толтыр…

Табыс дегенің үйіңнің үлкендігі, көліктеріңнің саны немесе банктік шотыңның қаншалықты  екендігіне  еш  қатысы  жоқ…

Табыс деп күнделікті өзіңе ұнайтын іспен айналысу, өзіңе және басқаларға жағымды әсер әкелуді  айтады…

Сүйікті адамдарыңмен бірге жақсы көретін іспен  айналысу  сені  бақытты  етеді…

Бақыт – өмірдің ең үлкен барометрі…

Өйткені, ең ақырында біз бәріміз жалғаннан көшеміз…

Бақытсыз өмір сүрсең, өмірдің мәнін түсінбей өттің деген сөз…

Жақындарыңа және осы дүниеге сенің қал­дыр­ған әсеріңнен басқа ештеңе беріп кете алмай­сың…

Қорқынышсыз  сүй, дұрысты  істе, қалғаны өз  ретімен  орнына  келе  береді…

…Өмірде позитивті болу, ризашылық білдіру, күлу, сенім  арту,  жаңа  нәрселерді білу, біреуді сүю … деген секілді еш себепсіз бақытты жасап алатын  көптеген  жолдары  болады.

Осылардың  қайсыбірін  күн  сайын  орында.

Амантай   ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

(Басы өткен сандарда. Жалғасы бар.)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: