Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұстаз мәртебесі: уақыт пен ұлағат шежіресі

18.03.2026, 8:30 27

HALYQLINE.KZ

Кеше Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада журналист, Ақпарат саласының үздігі, «Болашақ» университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Нұрмахановтың журналистика саласындағы шығармашылық белесіне 30 жыл және «Ұстаз мәртебесі» газетіне 15 жыл толуына орай «Ұстаз мәртебесі: уақыт пен ұлағат шежіресі» тақырыбында кеш ұйымдастырылды. Бұл туралы аталған кітапхананың баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Іс-шараға облыстың зиялы қауым өкілдері, шығармашыл топ жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен студенттер қатысты.

Кеш барысында облыстық қоғамдық даму басқармасының БАҚ және интернет ресурстарымен жұмыс бөлімінің басшысы Руслан Жұмабекұлы облыс әкімінің құттықтауын табыс етті.

Сонымен қатар, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Жанұзақов, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Бекжан Есенбаев, «Сыр медиа» ЖШС директоры Марат Жайылханұлы, «Qyzylorda» телеарнасының директоры Нұрбек Шынтемірұлы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының директоры Қызжібек Сатыбалдықызы, «Қазпошта» АҚ басшысының орынбасары Рауан Ерназарұлы және шәкірттері сөз алып, кеш иесіне сый-сияпаттарын табыс етті.

Іс-шара барысында оқырмандар Нұрлан Көбегенұлының қаламынан туған өлеңдерін оқыды. Республикаға танымал айтыскер ақын, жыршы Бексұлтан Орынбасаров арнау орындады. Жыраулық өнерімен халық әндерін алыс-жақын шетелдерге насихаттап жүрген жыршы Марат Сүгірбай жырдан шашу шашты.

Оқырмандар «Басылым тарихы: 15 жылдық белес» атты кітап көрмесімен танысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: