Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлы дала ұлағаты – әз Наурыз

22.03.2026, 21:50 31

HALYQLINE.KZ

Бүгін Жаңақорған ауданында облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жахановтың қатысуымен ауданда жаңару мен жаңғырудың бастауы, Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі ерекше салтанатпен атап өтілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Ұлттық дәстүрлеріміз дәріптелген мерекелік шараға аудан әкімі Мажит Самитов, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары және аудан тұрғындары қатысты.

Орталық алаңда қазақы киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ жұртшылық мерекенің сәніне айналған қазақтың ұлттық тағамдарынан, бауырсақ пен наурызкөжеден дәм татты.

Игі шараға арнайы қатысқан Бахыт Дүйсенұлы кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ұлттық дәстүрлер дәріптелген көріністерге куә болды.

Мерекелік бағдарлама «Ұлы даланың Ұлы күні» атты театрландырылған прологпен басталды. Шараның ашылу салтанатында жиналған жұртшылыққа аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының Наурыз мерекесімен құттықтауы жеткізіліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан аға буын өкілдері мен бірқатар азаматтарға Қызылорда облысының ең жоғары марапаты — Құрмет грамотасы мен аймақ басшысының Алғыс хаты табысталды. Сонымен қатар, аудан әкімі Мажит Самитов түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген азаматтарды Алғыс хатымен марапаттады.

Ұлыс ұлы күніне арналған шара қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа мен жастардың сүйікті орындаушысына айналған Арман Сейітжаппаровтың және жергілікті өнер иелерінің ән шашуымен жалғасып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: