«AMANAT» партиясы ұлттық және рухани құндылықтарды паш ететін, отандық авторлардың шығармаларын қолдап, насихаттайтын тың жобалар мен серпінді бастамаларды жүзеге асырып келеді.
Соның бірі – бірнеше жылдан бері республикалық деңгейде ұйымдастырылып келе жатқан «Ұлы дала» шығармашылық байқауы.
Биыл байқауды алғаш рет аймақтық деңгейде қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар халық жазушысы, аса көрнекті қаламгер, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов ағамыздың 100 жылдық мерейтойы аясында өткізіп, байқау жеңімпаздарын марапаттадық.
Мақсат – ұлттық болмысты, рухани құндылықтарды паш ететін, креативті идеяларға ие жас қаламгерлерге, отандық авторларға қолдау көрсету және шығармаларын насихаттау. Сонымен қатар ұлт классиктерінің жолын лайықты жалғастырған қуатты қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовтың шығармаларындағы тағылымды ойлар мен ескірмес образдарды өскелең ұрпаққа дәріптеу.
Әдеби байқауға қатысушылар поэзия, проза, балалар шығармашылығына арналған 3 номинация бойынша бақ сынады. Байқауда «Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығы» арнайы жүлдесі де қарастырылды. Сайысқа 50-ге жуық өтініш түсіп, қазылар алқасы әрбір туындыны қарап, әділ таңдау жасады.
Жалпы халқымыз мәдениет пен өнерге аса мән берген. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен биылғы жыл ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтап, құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Руханият жылы» деп жарияланды. Мерейлі жылға тарту ретінде 1000 орындық «Өнер орталығы», Сыр мәдениетінің негізгі бренді, жыраулық дәстүр өкілдерінің отауы – Жыраулар үйі ашылды. Сырдария өзенінің сол жағалауынан облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты, Жас ұрпақтың шығармашылығын шыңдау мақсатында «Шығармашылық академиясы», 2 ауданда «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі», Сыр топырағында ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мәдени мұраның, ұлттық өнердің кемелденуіне өзіндік үлесін қосып келе жатқан Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің жаңа ғимараты салынуда. Аймағымыздың 7 ауданында музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтарын біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият» орталықтарының іргетасы қалануда.
Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының қолдауы, аймақ басшысының іскерлік ұйымдастыруы нәтижесінде деп білеміз.
Байқаудың қорытындысымен «Поэзия» жанры бойынша жүлделі үшінші орын Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, айтыс ақындары мен жыршы-термешілер халықаралық одағының мүшесі, Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығының иегері, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Тұрар Бекмырзаевқа, екінші орын облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының лауреаты, «Qyzylorda» телеарнасының сарапшы-редакторы Елжас Әбділдаға берілсе, ҚР Журналистер одағының мүшесі, республикалық мүшәйралардың жеңімпазы, «Сыр дарыны – 2021» номинациясының иегері Дина Бөкебай жеңіпаз болып танылды.
«Проза» жанры бойынша үшінші орын Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Серпін» жастар сыйлығының иегері Гүлнар Дүйсебаева, екінші орын «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған шығармашылық байқаудың лауреаты, республикалық, аймақтық бірнеше байқаудың бас жүлдегері. Қызылорда облысы әкімінің «Сыр үміті» жастар сыйлығының иегері Ерасыл Шәрібекке бұйырса, Ақын, ҚР Журналистер одағының мүшесі. «Жолқараған» жыр жинағының авторы Биболат Сатжанов бірінші орынды жеңіп алды.
Қазалылық Жанар Диханова, Жалағаш ауданын келген Сандуғаш Жұбанова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 3-курс студенті Алтынай Дулатқызы, «Ескендір ЖК» есепшісі, белсенді жас Рахима Касымова «Балаларға арналған шығарма» жанры бойынша 100 мың теңге қаржылай сыйақы мен номинацияға ие болды.
Ал, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына орай тағайындалған номинация және қаржылай 100 мың теңге сыйақы Арал ауданы, Жақсықылыш кенті №19 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанар Сағатоваға табысталды.
Қадірлі жерлестер аталмыш байқау келесі жылыда дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!