Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлы адамның ұлы сөздері (2-бөлім)

01.05.2021, 9:00 451

Сіздің істеріңіздің нәтижесін басқалар бағалайды, тек қана өз жүрегіңіздің таза да әділ болуына тырысыңыз. (Д.Дескин)

Рақаттың ең зоры – басқалардың сіз істей алмайды дегенін істей алуыңыз. (У.Бэджот)

Күте білгендерге бәрі өз уақытында келеді. (О.Бальзак)

Бақыт әрдайым батыл адам жағында. (П.Багратион)

Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоябілуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында. (Әл-Фараби)

Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме. (Абай)

Өзіңді-өзің тану – даналықтың бірінші белгісі. (К.Маркс)

Асықпай ойланып алып, бірақ батыл әрекет жасаңыздар, кең пейілділікпен илігіп, бірақ табанды қарсылық көрсетіңіздер. (К.Калтон)

Шын дананы тануға болатын нағыз белгі – шыдамдылық. (Г.Ибсен)

Кім болам десе, сол болу – ұлы адамның ісі де, қолынан келгені болу – әр адамның ісі. (В.Гюго)

Жалғасы бар…

Бірінші бөлім

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: