Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлу жылы кімді не күтіп тұр?

21.03.2024, 9:20 203

Ұлу – мүшел есебінің бесінші жылы, қоян жылынан кейін, жылан жылынан бұрын келеді. Қазақ бұрыннан әр жылдың өзіне тән сипатын берген. Ал Ұлу жылы қандай болады?

Шығыс жылнамасына сәйкес жылдың иесі ұлуға келсек, халық арасында өте жайлы, жақсы жыл болады деген сенім бар. Сонымен қатар бейбіт өмірді сүйетін, жайлы, тыныштықты жаны қалайтын, ақылды да зерек адамдар осы жылы туады деседі.

Тағы бір ерекшелігі, ұлу жылы барлық уақытта кібісе жылдармен тура келеді. Төрт жылда бір рет қайталанып келетін басы артық бір күн 2024 жылдың ақпан айының үлесіне тиді. Осылайша биылғы жыл 366 күннен тұрады. Сондай-ақ ұлу суда жүретін болғандықтан, әдетте бұл жыл құрғақшылық болмайды. Жыл тыныштықпен, береке-молшылықпен өткен. Қазақ ұлу жылы астық пен шөп мол болады деп жорамалдаған.

Лайым, ұлу жылы да елге сондай жайлы болсын демекпіз. Олай болса әр жыл белгілерін 2024 жылы не күтіп тұр, кімнің жолы болып, кімнің жұлдызы жанады?

ТЫШҚАН жылы дүниеге келгендер үздіктер қатарында болады. Ұлу жылында атыңызды шығарып, танымал болуға мүмкіндік зор. Айналаңыздағы адамдардың құрметіне ие бола аласыз. Қолыңыздан келетін нәрсені ақшаға айналдырып, өзіңіз жайлы жарыса айтудан еш қорықпаңыз. Себебі сізге бұл жыл сондай мүмкіндік береді. Яғни өзіңіз жасаған дүниені жарнамалап, соғұрлым пайдаға кенелуіңіз мүмкін.

Осы жылда кез келген қиындықты жеңуге күшіңіз жетеді. Қаржы және жобалармен жұмыс істеу жағы­нан асығыңыз алшысынан түседі. Әсіресе кәсіппен айналысатын адамдарға қарап қалуға болмайды. Қоғам арасында белсенді болыңыз. Бұл сізге жақсы  әсер  етеді.

СИЫР жылындағыларға қаржылай жағынан өсім байқалады. Жаңа деңгейге шығасыз. Өз күшіңізге сенген абзал. Соны­мен қатар қолыңыздан бәрі келеті­ніне еш күмәнданбаңыз. Қол жеткізетін нәрсе­лер  үмітіңізді  ақтайды.

Оған қоса осы жылда алдыңызға жоғары мақсаттар қойып, соған жетуге жұмыс істеңіз. Сәттілік батыл адамдарды жақсы көреді. Сондықтан батылырақ бола біліңіз. Бұл жылы бәсекелестік қатты болғалы тұр. Өз мүддеңізді белсенді түрде қорғаңыз. Өзгелер сіздің сенгіштігіңізді пайдаланып, алдап кетуіне жол бермеңіз. Жалпы соңында жетер нәтиже тамаша  болады.

БАРЫС жылындағы жандар үшін ұлу жылы саяхаттауға, жолға шығуға көп мүмкіндік сыйлайды. Сізді естен кетпес саяхаттар, жаңа елдерге бару күтіп тұр. Бастысы, ел, жер көріп, ой-өрісіңіз кеңейе түседі. Өзіңіз бұрыннан басқа жаққа барып, демалуды армандап жүрсеңіз, осы жылы соны жүзеге  асыруға  қолайлы  уақыт.

Егер сыртқа шығып қайтсаңыз, өміріңізді өзгертетін жағдайлар болуы  да  ғажап емес. Ал егер демалу емес, жұмыс істеуге ұсыныс түссе, оған да жақсылап ойланған жөн. Себебі жолыңыз болады. Қорқынышқа ерік бермеңіз, жылдам шешім қабылдайтын болыңыз. Даму­ға деген талпынысыңыз өміріңізді ертегідегідей етеді. Осыны есте  сақтаңыз.

Өз кәсіби салаңызда ескіліктің адамы болып қалмай, тек жаңарып, өзгеріс енгізіп отырған сіз үшін өте қолайлы. Осы жылы көшбасшылық позицияға шығуыңыз әбден мүмкін. Бірақ денсаулыққа да мән  берген  дұрыс.

ҚОЯН жылындағылар үшін осы жылда бой жазып, денсаулықты жақсартуға мол мүмкіндік туып тұр. Үнемі кейінге қалдырған шаруаларың­ыз болса, соны қолға алатын сәт келді. Өз ішкі түйсігіңізге толық  сеніңіз.

Жалғыз қалудың сәті түссе, оны тиімді пайдалана біліңіз. Ұлу жылында өміріңізді өзгертуге деген жақсы ниет пайда болады. Соған әрекет етіңіз. Еш қорықпаңыз, бәрі жақсы болады. Тек оның жақсы болуы  өзіңізге  байланысты.

Жұмыс пен демалыс, дұрыс тамақтану, уақытылы ұйықтап, нақты кестемен жүру денсаулығыңызды нығайта түседі. Өміріңіздің сапасы да жақсарады. Ұлу жылында жоспар құруда өте мұқият болыңыз. Соны­мен қатар ешкіммен жаға жыртыспай, сабырлы күйде жүрген абзал. Себебі  бұл  сізге  теріс  әсер  етуі  мүмкін.

ҰЛУ жылындағы жандарды орасан зор мүмкіндіктер, жаңа даму­лар күтіп тұр. Оған қоса табысты көбейтуге қолайлы жыл. Жаңа жыл басталысымен өміріңізде ерекше жағдайлар болады. Бірақ жыл басталмай жатып, нақты жоспарлар құрып алыңыз. Осылайша биік белестерді  бағындыратын  боласыз.

Жыл иесі ұлу жылындағыларды барлық салада жақсылық күтуде. Тек сеніміңіз мықты болуы керек. Ескере кететін жайт, өзіңізді көп шаршатпаңыз. Өмірде ешкіммен ұрыспай, белсенді позиция, үнемі әрекет етіп жүру ойлағаныңызды жүзеге асыруға жол ашып береді. Осы жылы сізге шабыт сыйлайтын дүние көп, ол – өзіңіз бұрын көрме­ген жерлерге барып, саяхат жасау. Егер ондай мүмкіндіктер болса, өзіңізді еш  шектемеген  дұрыс.

ЖЫЛАН жылындағы жандар биік белестерден көріне алады. Тек дамуға, өсуге жағдай жасаңыз, соған көңіл бөліңіз. Егер сізге халықтың алдына шығып, сөз сөйлеу бұйырса, бас тартпай еш қысылудың қажеті жоқ. Ішкі  сеніміңізді  тыңдап, қолдана  білген  жөн.

Ұлу жылы сіз үшін жағымды жаңалықтарға толы болады. Әсіресе, жеке өмірге қатысты жақсы жаңалық көп болғалы тұр. Баспаналы болуға, некеге тұруға, сәби сүюге мүмкіндік зор. Сонымен қатар, осы жылы лауазымды адамдардың қолдауына ие бола аласыз. Олардың арқасында  жолыңызда  кездескен  қиындықтарды  оңай  еңсересіз.

ЖЫЛҚЫ жылында дүниеге келгендерге ұлу жылында көбіне жалғыз қалғысы келетін сәттер жиілей түседі. Егер жұмыстан немесе басқа мәселеден шаршап жүрсеңіз, өзіңізге ұнайтын елге барып, саяхат­тауға  болады. Ол  сізге  оң  әсер  етеді.

Жаңа  жылда  стиліңізді  ауыстыруға  ниет  пайда  болуы  мүмкін.  Бұл – жақсылықтың нышаны. Әсіресе рухани тұрғыда дамуға бағытталған қадамыңыз сізді өз ортаңызда дара тұлға етеді. Ұлу жылында денсаулық жағдайыңызды бақылап, эмоцияңызды да бірқалапты ұстауға кеңес береді. Осы жылы өзіңізді әлеуметтік желі арқылы таныстырып, кітап жазуға ниеттенсеңіз, өте тиімді болады. Жалпы, жыл жайлы өтеді.

ҚОЙ жылындағыларға көптен армандаған кәсіпті қолға алып немесе бір жобаға кірісуге мүмкіндігі бар. Әсіресе білім саласында бағыңыз  жанады. Мүмкін, сіз біраз жыл біліміңізді дамытуды кейінге қалдырған  боларсыз.  Енді  оның  уақыты  келді.

Сондай-ақ ұлу жылында көптеген өзгеріс күтіп тұр. Жаңа жыл өзіңізді шектемеуді сұрайды. Сонда ғана батыл идеяларды жүзеге асырып, қалағаныңызға қол жеткізе аласыз. Көбісі жылдың басында маңызды шешім қабылдауы мүмкін. Жұмыс, бизнес, оқу салаларында бағыңыз жанғалы тұр. Жаңа белестерді бағындырып, жоғары деңгейге шығуға мүмкіндік мол.

Сонымен қатар көпшілік орындарға көп шығыңыз. Мысалы театр, кино, концерт, конференция секілді іс-шараларға жиі барған өте қолайлы. Сол кезде сіз қатардан қалмайсыз.

МЕШІН жылындағыларға ұлу жылында абыройы мен беделі жұмыс істейді. Өз ортаңызда сізді қолдаушылар қатары көбейеді. Таныс­тарыңыздың да көмегі тиеді. Реті келсе командамен бірге жұмыс істесеңіз, жетістікке жету үшін бұл маңызды стратегия  болады.

Әрбір істе мұқият болып, жақсылап тексеріп алған жөн. Әсіресе заң, қаржы саласында абай болған абзал. Осы жылы мол ақша тапқыңыз келсе, өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз. Әрі әрдайым жақсы эмоцияда, көтеріңкі көңіл күйде жүріңіз. Себебі ақша жағымды энергияны жақсы көреді. Сол кезде қалтаңыз да  қалыңдай  түседі.

ТАУЫҚ жылында туғандарды жаңа жетістіктер мен бақытты сәттер күтіп тұр. Екінші жартысын іздеп жүрген жандар болса, өз махаб­батын жолықтырып, некесін қия алады. Отбасылы жандар тату болып, нығая түседі. Серігіңізбен жиі серуенге шыққан дұрыс. Бұл  жақсы  әсер  етеді.

Адамдар сізді білімді, мықты деп қабылдайды. Соның арқасында құрметке ие бола аласыз. Жылдың бірінші жартысында жаңа серіктестікті бастап, ал оның жемісін жылдың екінші жартысында көруіңіз әбден мүмкін. Осы жылы белсенді болыңыз. Барлық мүмкіндікті қолдана біліңіз. Сонымен қатар өзіңізді барлық салада байқап көруге болады. Барынша ашық, батыл, жарқын болсаңыз, сізді қолдайтындардың саны көп болады.

ИТ жылындағы жандар ұлу жылында бойында ашылмай жатқан қабілеттерді аша алады. Сондықтан осы жылы өз бойыңыз­дағы дарынды ашуға тырысыңыз. Соған барынша көңіл бөліңіз. Өнер, спорт, бизнес салаларында өзіңізді шек­темей, талпынып  көруге болады.

Ұлу жылы – алдағы болашағыңыздың іргетасын құйып, негізін қалауға қолайлы кез. Осы жылы жиі саяхаттап, тіпті тұрғылықты мекенжайды да ауыстыруыңыз ғажап емес. Жаңа идеялар болса, соны жүзеге асыруға батылырақ болу қажет. Уайымдай бермей, сенімділікпен қабылдаңыз. Сол кезде үлкен белестерге жол ашылады.

Жаңа жылда жеке бюджетті дұрыс жағынан есептеп, аса мән берген дұрыс. Сонда ғана ретсіз шығындарға жол бермейсіз. Арасында өзіңізді еркелетіп тұрыңыз.

ДОҢЫЗ жылындағы жандар осы жылды армандарын орындауға арнауы керек. Себебі сіз үшін барлық жол ашық. Ал басы бос жандар үшін шаңырақ көтеруге қолайлы сәт туады. Осы жылы құрылған отбасы мықты болады. Ал егер отбасылы болсаңыз, үйіңізді бақытты етуге тырысыңыз.

Жұмыста беделіңіз арта түседі. Қалауларыңыз өзіңіз қалағандай орындалмай жатса, қосымша білім алып, ізденудің артықтығы жоқ. Жоғарылауға деген талпынысыңыз қолдау табады. Кәсіп бастағыңыз келсе, жақсылап сараптама жасап алып, кіріскен дұрыс. Сол кезде ісіңіз дөңгелене түседі.

Жылдың бірінші жартысында жақсы нәтижелерді көре бастайсыз, сәттілік  серігіңізге айналады. Бірақ арасында өзіңізді шаршатып алма­ңыз. Өзіңізге  шабыт  сыйлайтын  дүниелерге жақын болыңыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: