Жаңа технологиялар заманында ұлттық тәрбиеге жіті мән беріп, жас буынның рухани-адамгершілік тұрғыда кемелденіп өсуі аса маңызды. Балаға еліміздің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін дәріптеп, үйрету отбасындағы әр адамның басты міндеті болуы тиіс. Себебі, көзі ашық, көкірегі ояу, халқының төл құндылығын жатқа білген ұрпақ – жарқын болашақ кепілі.
Қыз-келіншектерге ұлттық мұрамыз бен төл құндылықтарымызды насихаттап, бай қазыналы қолөнерді үйретуді діттеген “Анаға тағзым” орталығы – рухани мәдениет ордасы. Сондықтан, ұлт келешегі қылықты қыздарымыз атадан мирас өнермен етене танысып, бойға сіңіріп өссін десеңіз, мархабат! Шаттыққа толы шаңырағымыздың есігі Сіздер үшін әрдайым ашық!
«Анаға тағзым» орталығы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!