Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі аясында өткен мерекелік концертте жерлесіміз, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жыршы Елмұра Жаңабергенова ұлттық өнер мен дәстүрді дәріптеуге бағытталған республикалық «Наурыз-2025» ұлттық сыйлығының «Үздік жырау» номинациясын иеленді.
Бұл – ұлтымыздың рухани қазынасын насихаттауға аянбай тер төгіп жүрген жыршыға деген үлкен құрмет! Елмұра Жаңабергенова – халқымыздың асыл мұрасы, төл өнерімізді жаңғыртып, ұлттық жыр-терменің саф алтындай сырлы сазын келер ұрпаққа жеткізіп жүрген дарын иесі. Оның жырлаған жырлары мен термелері – кешегі мен бүгінгінің арасын жалғап, халқымыздың ардақты аманаты ретінде ұлықталып келеді.
Ауданымыздың мақтанышына айналған Елмұра Манасқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Жыр толғауын бабадан балаға жеткізіп, ұлт мұрасын ұлықтап жүрген жыр жақұты Елмұра қыздарыңыздың бұл жетістігі күллі Сыр халқының рухани-мәдени байлығының бір көрінісі. Жеңісті, жемісті күндеріңіз көп болсын!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!