Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлтшыл сөзі

26.11.2024, 14:50 27

HALYQLINE.KZ

Мен ұлтшылмын,

Ұнамаймын «басқаға»,

Əсіресе мəңгүрттенген

Билік деген қасқаға.

Ұлтшылдығым

Үшін мені қорқытып,

Қысымға алып,

Ей билігім, жасқама.

Ұлтым үшін,

Мен даярмын өлуге.

Еш хақым жоқ,

Зорлық іске көнуге.

Тиісті емес,

Мынау дарқан даламда,

Қазақ рухы,

Өшуге де, сөнуге.

Мекен еткен,

Ойпат, қырат, төскейді,

Демеңіздер,

Қазақ туып өспейді.

Туып, өскен,

Ұрпағымен жаңғырып,

Мəңгі өрлейді

Қазақ рухы өшпейді.

Қазақ рухы,

Даладан күш алады.

Сөйтеді де,

Мəңгілікке қалады.

Ал, қазақтың –

Ұлтшылдары жері үшін,

Керек болса,

Жанын құрбан шалады.

Қазақ рухын,

Ешкім жоя алмайды.

Жоямыз деп,

Өзі-өздерін алдайды.

Қазағыма –

Жаулық көзін қадаушы,

Қазақ жауы –

Тек өздерін жалмайды.

Дес бермейтін –

Ұлтшылдарым көп менің,

Тісің қайрап,

Жүзіңнен зəр төкпегін.

Рухы өліп,

Ұлтсызданған мəңгүрттер,

Рухы үшін,

Ұлтшылдарды сөкпегін.

Мен ұлтшылмын,

Сатқызбаймын жерімді,

Жат табанға

Басқызбаймын белімді.

Ей, билігім,

Ойлан дағы есті жый

Тас түрмеге

Жатқызбаймын ерімді.

Заңды сақтап,

Ата жолмен жүрмеген.

Азғын билік,

Шығар ерді түрмеден.

Адам емес,

Айуансың түгелдей,

Азамат боп,

Адамша өмір сүрмеген.

Мен ұлтшылмын,

Ұлтым үшін қиналам.

Бақыт, теңдік,

Маңдайына сыймаған.

Биліктегі

Қазақтарға таңым бар,

Қазағына,

Шаттық, қызық қимаған!

Нұрадин  ҚАНАТБАЙҰЛЫ,

Арал  қаласы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: