Облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Үздік логотип» байқауы қорытындыланды.
Байқау барысында Қызылорда қаласы, Қазалы, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарының тұрғындарынан шығармашылық әрі мазмұнды жұмыстар қабылданды.
Жарыс жеңімпаздарын ақын, тіл жанашыры М.Байдәулетов, орталық директоры М.Қонысбекқызы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, педагог Г.Рамазанова анықтады. Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды бағалауда бекітілген ережеге сәйкес қарастырып, ең үздік логотип авторын анықтады.
Облыстық байқауға 15 шығармашылық жұмыс келіп түсті. Қазылар алқасы ереже талабына сай үздік деп шешім шығарған үш жұмыс екінші кезеңге жолдама алып, авторлар ұсынған жұмыстарын сәтті қорғап шықты.
Байқау қорытындысы бойынша ҚР Мәдениет қайраткері, Шиелі ауданы логотипінің авторы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, зейнеткер суретші Рахманберді Ибраев пен Жаңақорған аудандық М.Көкенов атындағы мәдениет үйінің жастармен жұмыс бөлімінің әдіскері Таңшолпан Төрехан Алғыс хат және қаржылай сыйақымен марапатталды. Ал «Қызылорда облысының бизнеске арналған үкімет» КММ мекемесі ақпараттық-техникалық бөлімінің басшысы, дизайнер, «Үздік логотип» авторы, байқаудың бас жүлдегері Байжанова Салтанат Киахбекқызына арнайы Диплом және 100 мың теңге қаржылай сыйақы табысталды. Қалған қатысушыларға байқауға белсене қатысқаны үшін Орталық директорының Алғыс хаты берілді.
Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!