Үшбұрыш пен Төртбұрыш тәжікелесіп қалды.
– Текке таласып қайтесің! Бәрібір сенен менің бір бұрышым артық! – деді Төртбұрыш.
– Одан не пайда? – деді Үшбұрыш. – Керісінше, бұрышың неғұрлым көп болса, соғұрлым өзіңе қиын болады.
– Міне, бұл – тауып айтылған сөз! – деді домаланған Жұмыр Шар. – Маған жұрт қай жағымнан келерді білмейді. Мысалы… «Сегіз қырлы, бір сырлы» болам деп армандаудың заманы баяғыда өткен. Меніңше қырлылар емес, қырсыздар бақытты бүгінде!
– Круглый Дурак! – деді ыза болған Төртбұрыш, қалай орысша сөйлеп кеткенін өзі де байқамай.
(Қадыр Мырза Әли, «Ғибратнәмә» кітабынан)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!