Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үнді даналығы

03.02.2024, 9:00 354

HALYQLINE.KZ

Үндістан – көптеген ғасыр бойғы бай тарихы мен мұрасы бар, ең көп данышпан, философ және ағартушылар туған ел. Дамыған көптеген елден айырмашылығы, Үндістан халқы – бүкіл жүрегі мен күш-жігерін өзін-өзі тануға бағыттайтын халық. Бұл сондай-ақ ғасырлар бойы адам ақыл-ойы мен ішкі әлемінің қыр-сырын зерттеген нақты ойлар-қорытындылар жасаған ойлау зертханасы бар ел деп саналады. Сонымен, үнді халқының ойлануға, ойлауға, өзіңді тануға, өмірді білуге көмектесетін даналық сөздерін ұсынамын.

– Егер біреу саған бір рет опасыздық жасаған болса, онда ол – адамның кінәсі, ал егер ол екінші рет саған опасыздық жасаса, сенің кінәң

– Басқалардың қателіктерінен үйрен. Сол арқылы өзіңнің қателік жасайтын уақытыңды басқа пайдалы нәрселерге бөлуге қарастыр.

– Ақылды адамдар идеяларды талқылайды, орташалар оқиғаларды, ал төмен адамдар адамдарды сынайды.

– Дұшпаның болса да, қонағыңа назар аудар, балта ұстаған адамнан да ағаш өз көлеңкесін аямайды.

– Тек мадақталу үшін туған, немесе тек жамандалу үшін туған адам деген ешқашан болған емес және болмайды.

– Дүние – үлкен кітапхана, өйткені білім бәрінде бар.

– Ақылсызға кеңес беру – оны ашуландырудан басқа ештеңе емес.

– Басқалар үшін өмір сүретін адам, қысқа өмір сүрсе де, оның өмірі бақытқа толы болады.

– Тыныш таппайтын уайымшыл адам өткенімен жұбанады, ақылы шала адам болашақтан жұбаныш күтеді, ал ақылды адам бүгінгісінен бәрін де табады.

– Бақыт ақыл-ойы күшті адамды өзі тауып келеді.

– Балаларың – сенің үйіңе келген қонақтар, тамақтандырып, тәрбиелеп, сосын босатып қоя бер.

– Әйел адам жарқырап тұрса, үйдің іші де жарқырап тұрады, ал оның қабағы қатулы болса, үйі де қараңғы тартып тұрады.

– Жолға шығар алдында мақтанба, бірақ қайтып келген соң мақтануға болады.

– Әйелдер – жаратылыстан ғалымдар, ал ер адамдар – кітаптан білім алған ғалымдар.

– Өзін-өзі жеңу – жеңілістен құылудың жалғыз жолы.

– Ешнәрсеге дұшпандық жасамайтын, ешнәрсеге зиян келтірмейтін адамға бүкіл әлем қуанышқа толы болып көрінеді.

– Қауіптен құтыла алмайтын жағдайда, қорқып қажеті жоқ, өйткені қорқу сізді құтқара алмайды.

– Шындық деп адамдар өздері сенетін нәрсені айтады.

– Данышпан ешкіммен дауласпайды.

– Өзіңді басқару үшін басыңды істет, басқалармен қатынасу үшін жүрегіңді пайдалан.

– Орманнан жолбарысты, аспаннан құсты, судан балықты ұстап алуға болады, бірақ әйелдің тұрақсыз жүрегін қалайда ұстай алмайсың.

– Басқаларға кеңес бергенде бәрі ақылды, бірақ сол ақылды ұстанған кезде қарапайым ақымаққа қарағанда ең ақылды адамның өзі ақымақ болып көрінуі мүмкін.

– Құстар ауада, балық суда ізін қалдырмайды, сауап жасаушылардың ізі де сондай болады.

– Адамның көркі – ақыл-ойы, ақыл-ойдың көркі – сабыр мен тыныштық, сабыр ен тыныштықтың көркі –б батылдық, ал батылдықтың көркі – жұмсақтық.

– Ақылды адам әрнәрсені өз пікірімен бағалайды, ал ақымақ адам басқалардың пікірі бойынша бағалайды.

– Реніш-өкпені құмға жаз, рақым-кешірімді мәрмәрге ойып жаз.

– Біз өмірдің ұзақ, немесе қысқа болуын өзгерте алмаймыз, бірақ оның кең де терең мағыналы болуына әсер ете аламыз.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: