Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркілердің ар-намыс кодексі

31.10.2024, 7:00 187

HALYQLINE.KZ

1. Әрдайым есіңде болсын!

Сен – ежелгі және асыл халықтың ұрпағысың, сондықтан, лайықсыз әрекетке қақың жоқ!

2. Өз халқың мен туған жеріңнің тарихын біл! Бұл білім сенің рухыңды нығайтады, жаныңды асқақтатады, өмірдің қиын сәттерінде күш береді.

3. Өз халқыңның тілін, әдет-ғұрпын және өнерін игермейінше, өзіңді адам қатарына қоспа!

4. Ұлы ата-бабаңа лайықты болу үшін өзіңді әрдайым физикалық және рухани тұрғыдан жетілдіріп отыр, денеңді шынықтыр, денсаулығыңды нығайт!

5. Өз түбіріңнің шежіресін біл және есіңде сақта!

Үлкендерге, оның ішінде, өзіңе өмір сыйлаған ата-анаңа асқан құрметпен қарай біл!

6. Ата-бабаңның негізгі өсиетіндей мына ақиқатты бойыңа сіңір – адамның ұлылығы ешқашан байлықтың емес, тек Отан үшін жұмсалған ерлік пен еңбектің өлшемімен өлшенген!

7. Әрдайым есіңде сақта!

Өмірде жасаған жақсылығың мен жамандығың өзіңе қайта келеді.

8. Әңгіме кезінде көбірек тыңда, азырақ сөйле және ешқашан мақтанба!

Адамдар арасында сенен де ақылды, сенен де күшті көп!

9. Дау мен ұрыс-керістен аулақ жүр!

Ақымақ адаммен ұрыссаң, ақымақ боласың, ал ақылды адамды тыңдаған пайдалы!

10. «Оның менен несі артық?» деген ойдан сақ бол!

Бұл сөз талай рет Отанды ойрандаған. Егер сен нағыз патриот болсаң, оны ісіңмен дәлелде!

11. Тамақтану мен ішу кезінде ұстамды бол! Бұл – түркі этикасының талаптарының бірі. Мерекелер мен еске алу ашкөздікке себеп емес.

12. Қалыңдықты (күйеу жігітті) бетінің көркі мен тәнінің сұлулығына ғана емес, ақыл-ойы мен ар-намысына, тегіне және әулетінің ғұрыптарына да қарай таңда!

13. Ұрпақ қамын ойлау, балалардың бойына мықты рухты сіңіру – әрбір адамның қасиетті міндеті.

14. Ешқашан ешкімнің ұлты мен діни сезімін қорлама!

Әр халық – Құдайдың сыйы!

15. Әрқашан арлы адам бол! Аштық та, суық та, өлім қорқынышы да рухыңды сындырмасын!

Аударған  Айгүл  САҒЫМБАЙ

 Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: