Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
***
Басқа бәле – тілден.
Халық даналығы
Тіл – алмас,
Тіл – қылыш.
Тәуір сөз болса,
Тіл – тыныс…
Тіл арбайды да,
Алдайды да…
Қорғайды да,
Үзілгенді жалғайды да…
«Жылы-жылы сөйлесең,
Жылан да іннен шығады».
Қатты-қатты сөйлесең,
Іргеңнен бәрі ығады…
Бейпіл сөйлеу – бәленің басы,
Тілің «қышыса», тісіңмен қасы.
Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!