Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тарихы терең, еңбегі ерен қайраткер

03.11.2023, 11:20 325

HALYQLINE.KZ

Осы тақырыппен Жалағаш ауданының М.Шәменов ауылында Әбдрашит Бердәулетовтің 125 жылдығына арналған бірқатар іс-шара ұйымдастырылды.

Ең алдымен «Ұлтын ардақтаған ұлтжанды тұлғалар» атты ғылыми жоба конкурсы өтті. Ғылыми жобаға кент және ауылдық округтерден 20 оқушы қатысты. Ғылыми жоба конкурсына аудандық мәслихат депутаты, білім бөлімінің әдіскері Гүлзат Құрманбаева, ардагер ұстаз Дина Мейрман, №123 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Дархан Ильясов қазылық етті.

Сонымен қатар, қайраткер тұлғаға арналған «Тұғыры биік тұлға» атты жыр мүшәйрасы болды. Оған кент және ауылдық округтерден барлығы 20 оқушы қатысты. Жыр мүшәйрасына ардагер ұстаздар Бақыт Кәнтаева, Риза Ибрагимова, №201 мектеп-лицейінің ән музыка пәні мұғалімі, ақын Айкүміс Орынбаева қазылық жасады.

Іс-шаралар легі «Тарихы терең, еңбегі ерен қайраткер» атты Әбдрашит Бердәулетовтің 125 жылдығына арналған салтанатты кешке ұласты. Онда аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Эссе, жыр мүшәйра конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.

– Азаттық атты ұлы мақсат жолында қасиетті жері үшін, туған елі үшін бәйгеге басын тіккен, ұлттың жарқын болашағы үшін күрескен қазақ руханияты ардақтыларының бірі Әбдрашит Бердәулетовтың туғанына биыл 125 жыл.

«Елдің елдігін сақтау үшін ердің ерлігін дәріпте» деген.

Елім деп өткен ерлерге қашанда халықтан – құрмет, халықтан – тағзым. Жарқын болашақ, бақытты өмір үшін күрескен қайраткердің арманы бұл күнде жүзеге асты. Әбдрашит Бердәулетовтың 125 жылдығына орай Жалағаш ауданы білім саласының ұйымдарында өткізілген «Тұғыры биік тұлға» жыр мүшайрасы, «Қазақ руханиятының ардақтысы – Әбдрашит Бердаулетов» атты эссе конкурсы, «Ұлтын ардақтаған ұлтжанды тұлғалар» ғылыми жоба конкурсы сынды іс-шаралар жастарымыздың рухани дүниесін байыта түскені хақ. Бабалардың ерлікке толы өмірі мен төл тарихымызды зерделеп, аталған іс-шараларға белсене қатысқан жастарымыздың алдағы талаптарына да сәттілік тілеймін, – деді Ғани Кенжеғараұлы өз сөзінде.

Салтанатты кеште қайраткердің ұрпағы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов, ардагер ұстаз Дина Мейірман сөз алып, өз естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, «Қазақ руханиятының ардақтысы – Әбдрашит Бердаулетов» тақырыбында өткен эссе конкурсының жеңімпазы, №201 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Жанель Сүлеймен сөз сөйлесе, «Тұғыры биік тұлға» атты жыр мүшәйра жеңімпаздары қайраткерге арнаған арнауларын оқыды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: