Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәуелсіздік жолында

17.12.2020, 12:00 440

HALYQLINE.KZ

Қыршыннан кеткен, жүзіндей өткір қылыштың,

Жүрек пен тілек – бастамасы еді бұл істің.

Жаны алқымнан шыққанша бекем алысқан,

Ержүректерді еске алады тыныш кім?

Қызыл армия басып, жаныштап жатса да,

Кесектеп иттей, хайуан құсап атса да.

Қансырап жүріп, байрақты бодан еткендер,

Есімдеріңіз жадымда тұрсам, жатсам да.

Қазақ деп өтіп, Қазақ деп өмір сүргендер,

Өмірінің соңын осы алаңда көргендер.

Боздаған ана, боздақтардың рухымен

Теңіздей болып қып-қызыл қанға бөккен жер.

Байрағымызды шығарып көкке желбіреп,

Бұрқ ете қалды көзден жас шығып елжіреп.

Барша қазақтың асыл арманын орындап,

Аттанып кетті анау өмірге ержүрек

Қуаныш па еді, қайғы ма еді сол сәттер,

Мүрдесін құшып батырларының жатты ел.

Біреуі келіп, байрақты сүйіп, қуанып,

Қуанышынан булығып жылап жатты жер.

Қатал болыпты тағдыры азат бұл елдің,

Бүгінде, міне, тамырың түзу, гүлдендің.

Қарап отырсақ, ей адамзат, «бақ» деген,

Тәуелсіз елде тәуелсіз болып жүргенің!

Дильназ  МНАЖ,

№ 25  орта  мектептің  11-сынып  оқушысы,

Қазалы  ауданы

Қожабақы  ауылы

Жетекшісі:  Фариза  Абдирова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: