Сырдария ауданы ”Жалын” оқушылар демалыс лагерінде «Ауыл» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай шығармалары — тәлім-тәрбие, тағылым бұлағы» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында партия мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Журналистер одағының мүшесі, әдебиетші ғалым Алдажар Әбілов және филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Журналистер одағының мүшесі, тілші ғалым Аман Абасилов Абай шығармаларының қоғамдағы тәрбиелік мәні мен рухани маңыздылығына тоқталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!