Бүгін жүз жырауын жүзіктеген, ақыны мен даналарын төрге оздырған Тұрмағамбет ауылында Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен Сыр сүлейі, жырау Тасберген Құламанұлының 155 жылдығына арналған «Жыр жампозы – Тасберген жырау» атты облыстық жыршы- жыраулар фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Жыр фестивалін Дауылкөл ауылдық округінің әкімі Зайыров Сабырхан Дүйсенбайұлы құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жыр шеруіне Сыр сүлейлерінің мұрагер ұрпақтары Қасарбек Кәрібаев, Балтабай Бедебаев, Руслан Ахметов, Серік Жақсығұлов, Әділхан Қуаңбаев, Руслан Өтегеновтер қатысып, Сыр сүлейлерінің шығармаларын мақам саздарында нақышына келтіре орындап, халықтың ықыласына бөленді. Барлық қатысушылар аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының арнайы Дипломымен марапатталды.
Сыр сахнасында жыр жәрмеңкесі
11.04.2025, 17:35 83

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!