Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Совет суретшілері әйелдер суретін cоциалистік реализм тұрғысынан салды

21.07.2023, 9:00 183

HALYQLINE.KZ

Советтік идеология ер мен әйел құқығы тең деп, әйелдердің биологиялық ерекшеліктерін ескермей ауыр жұмыстарға салды. Оны мақтап әйел-шахтер, әйел-тракторшы, әйел-құрылысшы, әйел-краншы деп мақтап, еңбекқор әйелдердің бейнесін социалистік реализм тұрғысынан бейнелеуді совет суретшілеріне тапсырды. Табиғатынан әйел нәзік болып туатыны, оның басты миссиясы дүниеге сәби әкеліп, қуанышқа бөлену керектігі ескеріле бермеді. Мектеп бітірген жас қыздарды жалған ұранмен тракторға отырғызды.

Мен мектеп бітіргеннен кейін бір жылдан соң «Құмжиек» совхозындағы бөлем Жеткердің үйіне барғанда, «Беларусь» тракторын қатты айдап бара жатқан қызды көргенде ауызым ашылып қалған еді. Сол кезде алып трактор К-700-ді ұршықша иірген Кәмшат Дөненбаева, бір аяғын жатка шайнап кетсе де, трактор роліне қайта отырған Жадыра Тасмамбетова, шошқа бағып туған әке-шешесі теріс айналған Дәмелі Жақсылықовалардың атағы дүрілдеп тұрды. Кейін үшеуіне де Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Қазақ қыздарын осы апайларынан үлгі алуға шақырды. Мектеп бітірген жастардың қолына аттестатын бермей қатарынан екі жыл бойы туған ауылының экономикасын көтеру үшін күштеп алып қалып отырды. Оның барлығы ұранмен жасалып жатты, «ауданда пәлен комсомол жастар бригадасы құрылып, істеп жатыр» деп.

Екі жыл қыз бала үшін ұзақ ғой, тағдырына әсер етіп, қалаған мамандығымды алсам деген армандары адыра қалып, күйеуге шығып жатты, тек өте пысықтары ғана екі жыл еңбек етіп, өндірістік жақсы мінездемемен оқуға түсетін еді. Сол кез естеріңде ме, қазақ қызы?

Ашық дереккөзден алынған фотода қалжырап ұйықтап отырған тракторшы қыз бейнесі аянышты болып көрінді маған.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: