Бір соқыр түнде далаға шықса, майшамын үнемі жағып алып шығады екен. Оны байқаған көзі көретін бір кісі:
— Онсыз да көзің көрмейді, бұл шамды неменеге алып шығасың? — деп сұраған екен.
Сонда соқыр: — Дұрыс айтасың, маған шамның керегі жоқ. Бірақ мұны сен секілді көзі бар соқырлардың соқтығыспауы үшін алып жүремін, — депті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!