Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сөз тапқыш сахна серісі

27.06.2023, 15:33 406

HALYQLINE.KZ

Оның бет-жүзі барша қазаққа таныс, 66 жыл бұрын, 1957 жылы Шәкен Айманов түсірген «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінен білеміз, өткен жылы 99 жастан асқанда қайтыс болған актердің 100 жылдығына орай 15.06.2023 жылы Алматында ескерткіш ашылды. Ескерткіш авторы Нұрлан Далбай дәл бейнелеген, өзінің сүйікті жазушысы Мигель Сервантестің «Дон Кихот» романын қолтығына қыстырып бейнелепті. Дон Кихот оның сүйікті кейіпкері еді, сондықтан болар оны «сахна серісі» деп атайтын.

Юрий Померанцев (1923-2022) Қазақ ССР халық артисі (1961), ҚР Еңбек Ері (2018), ғасыр жасап, өмірінің 70 жылын М.Лермонтов атындағы орыс театрында қызмет етті. Ол актер импровизатор еді, қысылған кезінде сөз тауып кететін. Совет заманында оқушыларды театрға апаратын жақсы дәстүр болатын. Сол күні сахнада В.Вишневскийдің «Оптимистік трагедиясын» қоятын еді. Ю.Померанцев анархист-боцман «қырылдауықтың» ролін ойнайтын. Ол анархист теңізшінің кемеге келген большевиктердің комиссар әйелін зорлағысы келетін көрініс бар. Залға қараса, төменгі класс оқушылары. Ал сценарий бойынша «сифилис» деген сөз бар. Театрдан үйіне барғасын оқушылар ата-анасынан «Сифилис» деген қандай ауру?» деп сұрауы мүмкін ғой. Не істеу керек? Сахнаға анархист «қырылдауық» болып шыққан актер: «Мен үш рет сифилиспен ауырғанмын, маған ешқандай ауру қорқынышты емес» деген сөздің орнына: «Мен үш рет тұмаумен ауырғанмын, маған еш ауру қорқынышты емес» дегенде, актердің тапқырлығына сахнадағы бүкіл матрос қарқылдап күліп жібереді. Қазақ мұндайда «сөз тапқанға қолқа жоқ» дейді.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: