Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде Бибіажар Махамбетқызының «Қызыма» атты мерейлі ән кеші өтті

12.04.2026, 14:25 34

Кеше Шиелідегі Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі әнші, мәдениет қайраткері Бибіажар Махамбетқызының «Қызыма» атты мерейлі ән кеші өтті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Кеш барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков құттықтау сөз сөйлеп, өнер иесінің ұлттық мәдениетті дамытудағы еңбегіне жоғары баға берді. Аудан басшысы өз сөзінде Шиелі өңірінің киелі өнер мен руханияттың ордасы екенін атап өтіп, Бибіажар Махамбетқызының шығармашылығы кейінгі буынға өнеге екенін жеткізді. Сондай-ақ, ана мен қызы арасындағы өнер сабақтастығының маңыздылығына тоқталып, қос өнер иесіне шығармашылық табыс тіледі.

Мерекелік кеште қазақ өнерінің көркем көкжиегін кеңейткен талантты әншілер Индира Елубаева, Мейрамгүл Орашева және кеш иесі Бибіажар Махамбетқызының аяулы қызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақбота Керімбекова әсем әндерімен көрермен жүрегін тербеп, рухани кештің ажарын аша түсті.

Кеш барысында орындалған әрбір ән мен терме көрермен көңілін толқытып, ұлттық өнердің терең тамыры мен тағылымын айқын сезіндірді. Аудан жұртшылығы тағылымға толы кештен ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: