«Сен сиқырға сенесің бе?»,-деп ӨМІР сұрады.
– Жоқ, мен сенбеймін. Сиқырға тек қиялды жақсы көретін балалар ғана сенеді, – деп жауап беріпті ТӘТТІ САТУШЫ жас жігіт.
«Сен мәңгілік махаббатқа сенесің бе?»,-деп Өмір сұрады.
– Жоқ, мәңгілік махаббат жоқ. Махаббат дегеніміз – үш жылда аяқталып, сосын тек үйреніскен көңіл ғана жалғаса береді, сондықтан мен оған сенбеймін,-деді.
«Сен арманға сенесің бе?»,-деп сұрады Өмір.
– Жоқ, тек ақымақтар ғана арманға сенетін болуы керек, – деп жауап берді ол.
«Сен мейірімділік бар дегенге сенесің бе?»,-деп Өмір сұрады.
– Жоқ, адамдардың бәрі жаман, олар онысын білдірмей жасырады, сондықтан мейірімділік деген жоқ, – деп жауап берді ол.
«Сонда сен жалпы не нәрсеге сенесің?»,-деп сұрады Өмір.
– Мен адамдар балаларына тәттілерді сатып алуға деп ақша аз береді. Сондықтан мен аз табыс тауып, өзім қалағандай өмір сүре алмайтыныма ғана сенемін, – деді тәтті сатушы жігіт.
«Сен өзіңнің тілегіңе сенесің бе?»,-дегенде:
– Ия, тілектер бар, бірақ менің тілектерім ешқашан орындалмайды.
«Ее, байғұс жігітім-ай, әрине. Сен ешқашан сиқырды көрмейсің, саған ешқашан мәңгілік махаббат жолықпайды, сенің армандарың ешқашан орындалмайды, сен ешқашан мейірімділікті таба алмайсың, сенің тілектерің ешқашан орындалмайды»,-деп айтқанда:
– Неге! Неліктен? – деп айқайлапты жас жігіт…
«Себебі сен бәріне, жақсылықтың бәріне, тіптен аздап болса да сенуің керек. Сенім деген нәрсе Мүмкіндікті береді. Ал Мүмкіндік Бағытты береді. Бағыт болса Жол ашады. Ал жол қайтеді!.. Жол болса Тілектерің орындалатын бағытқа қарай жетелейді, сосын Тілектер орындалады»,- деп үйретіпті Өмір.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!