Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Руханият» орталығының жұмысымен танысты

13.02.2026, 9:30 58

HALYQLINE.KZ

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов аудан орталығындағы «Руханият» орталығына барып, әлеуметтік нысанның жұмысымен және материалдық-техникалық жай-күйімен танысты, деп жазады баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен, аймақ басшысының қолдауымен бой көтерген «Руханият» орталығы 2025 жылы облыс әкімінің қатысуымен ел игілігіне пайдалануға берілді.

Аталған көпфункционалды ғимаратта музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, сондай-ақ ардагерлер және аналар кеңесі, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері, тарихи-мәдени және рухани ұйымдар бір орталыққа біріктірілген.

Аудан әкімі орталықтың қызметін жүйелі ұйымдастыру, ғимаратты тиімді пайдалану, мәдени-рухани іс-шаралардың сапалы өткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ нысанды күтіп-ұстау мәселелері бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: