Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Рақмет саған, Роза!

28.07.2022, 9:00 665

Бір «Сәбіз!» – бүкіл «Аналық инстинктерімді» оятып жіберді.

Бұл – бар болғаны «Образ»!!!

Тамақтың кінәсі жоқ шығар.

Азамат та «кінәлі» емес шығар!!!

Мен оған сенемін!

Ол да осыған дейінгі «ескі қағидаларға» амалсыздан бағынған шығар…

«Масштаб вашей личности определяется величиной проблемы, которая способна вас вывести из себя» деген психолог З.Фрейд. Он был прав!!!

Мен Роза Әлқожаның «Аналық жүрегін» интуицияммен терең түсінемін!!! Она была права!!!

Аналық жүрегі «тым үлкен» екен!!!

«Жанды жері» арқылы қоғамның «жанды дертін» басты.

Менің де студент ұлым параллельно құрбан болып жатты. Өзге оқу орнында.

Аналық жүрегім ауырғаннан «өз әлемімде» жабылып қалдым.

Өзімнен артық психолог таппадым.

Өзіміз «Жындыханаға» айналдырған қоғамнан сауатты бағыт беретін «психолог» табу да қазір қиын. «Өзім» арқылы көп адамның «ішкі» жағдайын түсіндім.

Мемлекет кәсіби психологияның «кислородын – халыққа» қолайлы қолданудың «тетігін қосатын уақыты келді» деп есептеймін.

Өте білімді психологтердің 50000-200000 теңге приемына халықтың көбінің төлеуге әлеуметтік мүмкіндігі жете бермейді.

Мен кез келген мәселені «Тет-а-тет» отырып шешкенді жақсы көремін!

У меня – критическое мысшление!

Шындыққа тура қараймын!

Баламды «критический ситуациядан» сауатты шығаратын 3 вариант ұсынып бердім.

Шешілді. Шықты. Әділ!

Бірақ, 1 жыл бойы «өзі бере алмаған» білімді – емтиханда «қатаң» талап етіп, психологиялық «қысымға» дейін жетіп, баламды «моральный суицидке» дейін жеткізген «Ұстаздардың» ісін «Аналық» жүрегіммен – «ауыр» қабылдадым!

Барлық баланың Анасы – Роза сияқты «жанашыр», мен сияқты «профессор» емес!!!

Балама соңғы 4 күнде, «Анасы» ретінде – өміріне жететін 4 маңызды сабақ, ЖОО-да 4 жылда беретін білімді, 4 күнде «кілтті тетігін» үйретіп бердім!

Мен барлық ұстазды өзім сияқты «түсінісіп – түсіндіре алады» деп ойладым.

Қателігім – осында!

Адамдардың «дүниетанымы» мен «білім деңгейі» – өздері сияқты «Әртүрлі».

Өмірлері де!

Рақмет саған, Роза!

Сен мықты «Анасың»!

Қазақ Елінің бүкіл Аналарының әділ «жанайқайын» менің жүрегіме жеткізіп бере алдың.

Мен де сені жақсы «түсіндім».

Розаның бұл ситуациядағы «ішкі процесіне», «жеке қатынастарына» кірісуге «моральдық құқым» жоқ.

Ол үшін әр мемлекетте «Заң» бар!!!

Ал, искусствоның ішіндегі «искусственный» түсініктерге «сыншы» ретінде өз позициямды айтуға кәсіби «құқым» бар!!!

Жеке тұлғаны – қабілетіне қарай емес, түріне, «бойына», ұлтына, дініне, тіліне қарай «кемсіту» – бұл негізі нағыз «Қылмыс».

Оны бетке басу – ең үлкен «Мәдениетсіздік»!

Адам – туатын күнін, жынысын, ата-анасының түрін «католог»-пен таңдап барып, «Жарық дүниенің» есігін ашатын жаңа мүмкіндіктерді келешекте «ғалымдар» реттеуге талпыныс жасап жатыр ғой… Бұл – ғылымда «қиын» задача…

«Жатырды» жалға алу, пробиркаға «жасанды жолмен» бала өсірудің мүмкіндігі де ғылымда қарастырылды ғой.

Бірақ, мен де «Аналық жүрегіммен» «Адамзатқа» бір-ақ «үндеу» айтқым келеді.

«Жаратылысқа, Жаратушыға қарсы шықпаңыздар»!

Исскуство это – не только «искусственный әлем», это – «Истинный путь»!

«Жалған ойын» кімге керек?!

Қазақстанның өнерінде «модель» болмаса да, Әмина апалар «шын қалауымен» келген мамандығында қабілетімен, еңбегімен – «Аңыз Ананың Образын» лайықты жасап кете алды. «Миссиясына» адал болды!

Актерлік өнер – не только эмоция, это – не только мастерство, это – «Мозговой шторм»!

Орысшаларды «қыстырып» жазсам, бұл да өзіміздің мойындайтын – «Шындығымыз»!

Енді мен өз шындығымды айтайын.

Актерлік өнерге қатысты болған соң, биыл «Тұранға» бойың қысқа деген «ярлыкпен» мүмкіндігі шектелген көп бала келді. Ақылы «мүмкіндікті» қуана қабылдады. Бірақ, жүректері сондай – «жаралы»!

Мен оларды – Ұстазы, Ана ретінде дәріс кезінде бір-ақ сөзбен «жұбатамын».

«Енді сенің – Үлкен сахнаның тілін жүрегіңмен түсінетін жақсы маман болып шығудан басқа жолың жоқ!» деп айтамын.

Біздің балаларымызға қатысты «бұл ситуация» маған бір нәрсені жақсы түсіндірді.

Мәселенің түбі – өте тереңде!

Болашақ қазақтың Стив Джобс, Д.Трамп, М.Цукербергтері неге шықпайды?!

Ойланып көріңіздер…

«Ұстаз» – сенімді «жерлемеуі» керек!

Әр бала «өмір сүруі» керек.

Ата-анасының «аманатына» – «адал» бола алмайтындар «Ұстаздық миссияда»жүрмегені дұрыс!!!

Ұстаз – мемлекеттегі ең үлкен «идеолог»!

У.Черчилльдің жақсы сөзі бар: «Ұстаздың қолында бар билік – премьер-министрдің де қолында жоқ» деген.

«Сана басқару» мен «Сенім беру» қандай адамның қолынан келеді?!

«Жүрегі  үлкен» – Ұстаздың!

«Адамзат»  тәрбиелемес бұрын,  «Өздеріңіздегі» – «Адамшылықтарыңызды»  өлтіріп» алмаңыздар!!!

Өзгенің баласына «моральный суицид» сыйламаңыздар!

«Грант, мейлі ақылы» – әр жас талапкердің білім алуына «мүмкіндігі» болуы керек.

Олар біздің – болашағымыз!

Өзгенің баласын жұрт алдында «кемсітпеңіздер»!

Сіздер тек «білім» беріңіздер!!!

Әр бала ата-анасы үшін – «алтын – ақылды – тәрбиелі»!

«Жеке тұлғаның» қалыптасуына – «мүмкіндік»  ашыңыздар!

Өмір сүру «құқын» шектемеңіздер!

«Бағыт» беріңіздер!

Білімдеріңіз бір баланың «ішкі дүниетанымын» түсінуге жетпесе, қолыңыздан «кемсітуден басқа» түк келмесе», оңашада өздеріңізге «ашық мойындаңыздар»!

Мүмкін, әрқайсысыңыз қолдарыңыздан «жақсы» келетін «іспен» «сауатты» айналысасыздар!

Бұл – «Жүрекке  тыныштық сыйлайды»!

«Агроөнеркәсіп» – «Бәріміз» үшін өте «маңызды».

Халыққа «тамақ қоры» қашанда, қандай қиын кезде де «артық етпейді».

Оған «пандемия» кезінде үйде «ұзақ отырып» «көз» жеткіздік.

Мы все оказались такой огромный – «Сәбіз»!

Мемлекет это – Бәріміз!

Осы жүйеде – бәріміздің «отпечаткамыз» бар.

Это – факт!

Мен осыны – «Мойындаймын»!

Гүлзат  КӨБЕК,

киносыншы,  Өнертану  PhD  докторы,

«Тұран»  университетінің  профессоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: