Қызылорда қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ауызашар дастарқаны жайылды. Бұл туралы ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс орталығында орналасқан “Жан Арай» мейрамханасында өткен берекелі басқосуда мемлекет пен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ардагер ақсақалдар, өнер адамдары, спортшылар, БАҚ өкілдері сынды түрлі сала мамандары, кәсіпкерлер мен мешіт жанашырлары және белсенді жастар қатысты.
Қасиетті Құран аяттарымен басталған ауызашар кешінде облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қонақтарға ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының жылы лебізін жеткізіп, мүбарак Рамазан айымен құттықтады. Және де ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілдігінің ұйытқы болуымен атқарылған жұмыс нәтижелері мен қолға алынған бастамалар туралы баяндады.
Бұдан кейін күмбірлеген күй төгіліп, тағылымды насихат айтылды. Қонақтарға рамазан кәдесыйы ретінде зәм-зәм суы таратылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!