HALYQLINE.KZ –| «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Баймурзаев Ғалым Қонақбайұлы тағайындалды.
Ғ.Баймурзаев еңбек жолын Арал қаласындағы №15 орта мектеп мұғалімі қызметінен бастап, мәдениет саласында Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қалалық мәдени-демалыс паркінің директоры қызметтерін абыроймен атқарған.
2017 жылдан осы кезге дейін Қызылорда қалалық білім бөлімінің «Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!