– Балтаға бас имейтін ағаш жоқ.
– Есек жүгі жеңіл болған сайын ақырады.
– Жан-жаққа қараған екі көзден тура қараған бір көз артық.
– Бұлтқа тұншығады,
Бәрібір күн шығады.
– Мойын артыңа қарау үшін керек.
– Өзін екінші орынға қоя білетін адам бірінші орынға лайық.
– Базарда адалдықтан басқаның бәрі бар.
– Бұзау болып туған соң,
Өгіз болмай қайтеді?!
Торай болып туған соң,
Доңыз болмай қайтеді?!
– Ел екіге бөлінеді:
Араны ашылғандар және ашылмағандар.
– Зиялы деп жүргенің
Мұжық болып шығады.
Биязы деп жүргенің
Бұзық болып шығады.
– Ит бір бөлек, иттік бір бөлек,
Иттікті ит емес, адамдар жасайды.
– Отырған жерде қалтаңа қолыңды сала берме
Біреу-міреу дәметіп қалып жүрер.
– Орыстар ақшаның иісі жоқ дейді. Неге болмасын. Ақшадан арамдықтың, дүниеқоңыздықтың, сатқындықтың – бәрінің иісі шығады.
– Бір атқа екі адам отыра алады. Бір ерге екі адам сыймайды.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!