Абайдың жасы ұлғайған шағында атын ерттейтін, төсегін салатын, тартылған табақтағы етін турайтын атқосшы қызметкер серігі болған Қиясбай жайында Шыңғыстау атырабында тараған хикая қыруар дүние. Солардың бір-екеуін оқырманға ұсынуды жөн көрдік.
«Балаларға ұрса берме…»
Абай балаларына кейде: «Оқуға елгезек емессіңдер, еріншексіңдер» деп кейде ұрсып қояды екен. Бір күні қызы Гүлбаданға: «Сабағыңа ұқыпты емессің!» – деп кейігенін естіген Қиясбай, насыбай үгіп отырып:
– Абай аға, осы сен жеті жұрттың тілін біледі дейді, осы шын ба? – деп сұрапты.
– Иә, рас! – депті ақын ағасы.
– Жеті жұрттың тілін білетінің рас болса, мен бір жазу жазайын, соны айырып берші, – депті Қиясбай.
– Ал жаза ғой…
Қарындашты қолға алған Қиясбай ақ қағазға ирек сызық салыпты.
– Мынау не?!.
– Абай аударып-төңкеріп қарап-қарап не екенін айыра алмаған соң: – Мен мынаның сырын біле алмадым, өзің айтшы! – депті.
– Бұл найзағайдың ізі емес пе? – депті Қиясбай.
Абай қызметшісінің арқасынан қағыпты.
Әлімбаев М. – Өмір. Өнер. Өнерпаз: Эссе, естеліктер, ой-толғамдар.
– Алматы: Өнер, 1990. – 6-8 б.б.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!