Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ сатирасы – Америкада

01.12.2025, 16:10 109

HALYQLINE.KZ

Дәл солай! Енді қазақстандық белгілі сатирик-жазушы, Шымкент қаласының тұрғыны Мұхтар Шерімнің сатиралық жанрдағы әңгімелері мен өлеңдерін азуы алты қарыс АҚШ-тың оқырмандары да оқитын күнге жетті. Ол туралы жазушының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында қуана бөлісті.

«СҮЙІНШІ, ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАН!

2025 жыл маған тосынсыйлар жасаумен келеді. Туған күніме 12 күн қалғанда аудармашы қарындасымнан хат алдым. Хат болғанда Америкадан келіпті! Менің әзіл-сықақ әңгімелерім мен сатиралық өлеңдерім Америка оқырмандарына жол тартты. «Still Waters Poetry» атты ұжымдық кітапқа (шартарап ақын-жазушыларымен бірге) сатирамның сыналап кіргеніне қуаныштымын. Қазақ сатирасы – Америкада! Аудармашыға мың алғыс! Міне, аудармасы былай екен:

© 2025 Julie Miles

Барлық құқықтар қорғалған.

Бұл жарияланымның ешбір бөлігі баспагердің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз — электронды, механикалық, ксерокөшірме, аудио-жазба немесе өзге де кез келген тәсіл арқылы — көшірілмейді, ақпараттық жүйеде сақталмайды және ешқандай формада немесе әдіспен таратылмайды. Тек сын пікірлер мен мақалалардағы қысқа дәйексөздерге рұқсат етіледі.

Бұл антология — Still Waters Poetry басылымы. Оны Julie Miles негізін қалаған. Жинақта әлемнің әр түкпірінен келген ақындардың түпнұсқа шығармалары берілген. Әрбір қатысушы ақын өз шығармасының авторлық құқығын сақтайды және оны осы жинақта жариялауға рұқсат берген.

ISBN: 9798276689746. Америка Құрама Штаттарында басылған. Бірінші басылым — 2025

Still Waters Continuum. Өлеңдер антологиясы.Құрастырған және редакциялаған: Julie Miles» делінген сүйінші жаңалықта.

«Халық» газеті де белсенді авторын қуанышты сәтімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: