Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ қызы

06.03.2025, 6:00 76

Қазақ қызды сыйлаған гүл шағынан,

Өткеннің тағылымын шын сағынам.

Хауа аналар киесі мұра болар,

Төрінде отауыңның тұрса Құран.

Айша бибі адалдық ақ құсындай,

Баянды еткен басынан бақты ұшырмай.

Исі Алашқа имани сәуле сеуіп,

Қасиетінен үлгі алған қарт қысылмай.

Қыз Жібек, Ләйлі менен Құртқа, Баян,

Әлия, Мәншүк ерлігі жұртқа аян.

Танытқан тағдырында тағылымын,

Ұлылығын кетпессің ұқпай одан.

Әпкелерді айменен тең көремін,

Қыз қызғалдақ арттырар ел беделін.

Айбарлы ағаларды арқа тұтар,

Жүз жасағай жайдарлы жеңгелерім.

Аналар асыл жандар, ардақтылар,

Бүгін мен болашақты жалғап тұрар.

Еліне деген ыстық махаббаты,

Көңілдің көкжиегіне шам жақтырар.

Іркіп қалмай ізгі ойды жүректегі,

Қалам алдым жыр құсын түлеткелі.

Баршаңызды құттықтаймын мерекемен,

Азаматтардың осы аппақ тілектері.

Қазақ қызы – символы сұлулықтың,

Қазақ қызы – жаршысы жылылықтың.

Қазақ қызы – көктегі күн менен ай,

Қазақ қызы – ұйытқысы ұлылықтың.

Тұрар  БЕКМЫРЗАЕВ

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: