Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде:
«Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны теңгере алмадың, біреу-біреуді шауып жеп жатыр, оны басқара алмадың» деп өкпелепті. Сонда Нұралы:
— Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау! — депті. Сонда Сырым:
— Хан, тасып жүргенім жоқ, қазақ баласының басын қоса алмай сасып жүрмін, — депті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!