Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қазақ балалар әдебиетінің классигі Өтебай Тұрманжановтың бірде-бір мерейтойы аталып өткен жоқ» – Құлбек Ергөбек

24.02.2025, 14:50 56

HALYQLINE.KZ

Жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында қазақ ақыны, прозашы, зерттеуші, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі және классигі Өтебай Тұрманжановтың еңбегі бағаланбай жатқанын жеткізді.

«Еңбегі бағаланбай жүрген адамның бірі – Өтебай Тұрманжанов. Балалар әдебиетінің классигі. Қазіргі балалар әдебиеті, әсіресе поэзиясы Өтебай Тұрманжановтың биігіне көтерілген жоқ. Ол 1978 жылы қайтыс болды. Бір мерейтойы аталып өткен жоқ. Шымкент қаласының әкіміне, Түркістан облысының әкіміне айттым, бәлкім биыл 120 жылдығын конференция қылып атап өтетін шығармыз. Халыққа осынша еңбек етіп, еңбегі бағаланбау деген сұмдық қой. Жиырма жыл түрмеде отырып келген өзі, көрмеген азабы жоқ», – деді Құлбек Ергөбек.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: