Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыдағы қуаныш

26.07.2024, 14:45 425

HALYQLINE.KZ

Ертеден Сыр өңірі, оның ішінде Қазалы аймағы – әулие-әнбиелердің, ишан-мақсымдардың мекені. Тоғыз жолдың торабындағы бұл мекеннен дін ғұламалары мен оқымысты азаматтар, қарилар қанат қаққан. Сондай ұлысқа ұйытқы, елдің ауызбіршілігін сақтап отырған орталықтар, ел ағалары әлі де дін үшін қызмет етіп келеді. Дәл осындай мақсатпен жуырда Қазалы қаласындағы «Нұралы» мешітінің жанынан көптің қолдауымен салынған 300 адамға арналған мешіт асханасы пайдалануға берілді.

Мешіт асханасының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов, Жанқожа батыр атындағы орталық мешіттің бас имамы Нұрдаулет Нәби және демеуші азаматтар мен қала тұрғындары қатысты.

Игі іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов сөз сөйлеп, көпшіліктің қолдауымен ауызбіршілігінің арқасында салынған мешіт асханасының ашылуымен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

– Ғасырдан астам тарихы бар «Нұралы» мешітінің Қазалы қаласының тұрғындары мен жастарына имандылық дәнін себуде атқарып келе жатқан қызметі ұшан-теңіз. Елді имандылыққа, адамдарды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында аталмыш мешіт ұжымы мен жамағаты да қалыс қалмай келеді. Бұл бүгініміз бен ертеңіміздің кемел болуына, ел дамуына үлкен септігін тигізетініне сенімдімін, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ асхана құрылысына белсене атсалысқан бірқатар азаматқа аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыстады.

Мұнан соң аудандық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазалы ауданының құрметті азаматы Оразғали Бекпанов пен ауданның бас имамы Нұрдаулет Нәби де сөз алып, игі іске атсалысқан барша азаматқа алғысын айтты.

Алдағы уақытта мешіт асханасы тұрғындарға құдайы ас, ауызашар беру, хатым бағыштау, құран оқыту, ет тарату сынды іс-шараларды мешіт имамдарымен бірге шариғат талаптарына сай, қателіксіз өткізуге мүмкіндік береді.

Ж.ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: