Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Сыр өңірінің дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады. Салтанатты шара барасында облыс әкімінің орынбасары айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
-Күні кеше ел болып ҚР Мемлекеттік рәміздері күнін атап өттік. Осы мерекемен Өздеріңізді шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздер – егеменді еліміздің біртұтастығы мен Тәуелсіздігін, бейбіт халқымыздың абыройын айшықтайтын басты құндылықтардың бірі. Елтаңба, Ту, Әнұранымызға жасалған тағзым – бай тарихымыз бен елге деген шексіз құрмет. Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, төрімізге шығарып, мәртебесін көтеру баршамызға ортақ парыз.
Осы орайда, Мемлекеттік Туымызды асқақтатып, өз қызметінде ерекше жетістіктерге қол жеткізген, сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға елеулі үлесін қосқан сырбойылық азаматтарға алғысымыз шексіз!, – деді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы.
Шара барысында еңбегі еленген бірқатар азаматтар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі архив құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының Алғыс хатымен және облыс әкімінің арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!