Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаламгер есімі ұлықталды

29.10.2022, 16:40 290

Сыр баспасөзіндегі журналист, редактор, Ұлы Отан соғысының ардагері, қайраткер Қалқабай Әбеновтің 100 жылдығына орай іс-шаралар жалғасын тапты.

«Сыр медиа» ЖШС, «Сыр журналистикасы» Қ.Әбенов атындағы қоғамдық қордың ұйымдастыруымен Қалқабай Әбеновтің 100 жылдығына орай баспа және электронды БАҚ өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз қаламгерлер арасында өткен «Туған жер – тұғырым» атты байқау жеңімпаздары марапатталды.

Іс-шарада «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі күйден шашу шашты. Олыстық музей жылжымалы көрме ұсынды. Онда музей қорында сақталған журналистің 50 ден аса құжат, суреттері, мемлекеттік наградалары, Жоғары кеңестен алған Құрмет грамоталары қойылды. Журналист, қайраткер Қ.Әбеновтің өмірі мен еңбек жолы туралы деректі фильм көрсетілді.

Жылжымалы көрмеге қойылған суреттері.

Сонымен қатар шығармашылық байқау жеңімпаздары белгілі болды.

Үздік баспасөз материалы» аталымы бойынша I орын «Сыр бойы» газетінің бөлім басшысы Дүйсенбек Аяшұлы жеңіп алды. Ал жүлделі II орын тәуелсіз қаламгер Нұрбай Жүсіп иеленді. Сонымен қатар «Үздік орыс тілді баспасөз материалы» аталымы бойынша «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Жанна Сражадинқызы жеңімпазы болды. «Үздік телехабар» аталымы бойынша «Qyzylorda» телеарнасынан Бекзат Есқалиев жүлдені жеңіп алды. Жеңімпаздарға Қ. Әбенов атындағы «Сыр журналистикасы» қордың атынан бағалы сыйлықтар берілді.

Қ.Әбеновтің жұмыс үстелі.

Іс-шара соңында қайраткер қаламгердің әріптестері достары естеліктерімен бөлісіп, ұрпақтары ас берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: