Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент челлендж жалғастырды

18.04.2020, 16:02 581

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісіндегі парақшасында қазақстандықтарды уақытты барынша тиімді пайдалануға шақырды.

«Қазіргідей елең-алаң уақытта баршаңыздың күнделікті тіршіліктеріңіз өзгеріске ұшырағаны белгілі. Пандемиядан қорғанудың бірден-бір жолы – әлеуметтік оқшаулану, яғни үйде болу екенін жаһан жұртшылығы мойындап отыр. Әрине, бұл – уақытша құбылыс, өтпелі кезең. Дегенмен, осы уақытты барынша тиімді пайдалану – әрбір адамның өз қолында.

Сондықтан, осы карантин күндері ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет қайраткерлері және қатардағы азаматтарымыз әлеуметтік желіде «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын ұйымдастырған екен. Бұл бастаманы толық қолдаймын және осындай игі істі қолға алған отандастарыма шынайы ризашылығымды білдіремін.

Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», – деп жазған Мемлекет басшысы Instagram желісіндегі парақшасында.

Президент Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің жолдаған эстафетасын қабылдап, осы күндері оқып жатқан кітаптар мен газет-журналдардың тізімін ұсынды: 

1. Жүсіп Баласағұн. Құтты билік.
2. Абай Құнанбаев. Хикмет кітәбі. Книга мудрости. Book of wisdom.
3. Winston Churchill. The Second World War. Volume III. The Grand Alliance.
4. Тұрсын Жұртбай. Құнанбай.
5. Ерлан Сыдыков. Кунанбай.
6. Адам Туз. Крах. Как десятилетие финансовых кризисов изменило мир.
7. Алек Росс. Индустрии будущего. The Industries of the future.
8. Кевин Келли. Неизбежно. 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее.
9. Parag Khanna. The Future is Asian.
10. «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Turkistan» және т.б. газеттер, «Жұлдыз» журналы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: